АЛДЫН-АЛА БАҒАЛАНҒАН ЗАЛАЛДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҰРАҚСЫЗДЫҚ АЙЫБЫМЕН АРА-ҚАТЫНАСЫ

Авторлар

  • Венера Төлеутайқызы Қоныс
  • Қамал Қанаткалиұлы Сабыров
  • Аяна Тоқсанбайқызы Бекен

Кілт сөздер:

тұрақсыздық айыбы, алдын-ала бағаланған залалдар, азаматтық-құқықтық жауапкершілік, айыппұл, өсімпұл

Аңдатпа

Бүгінгі таңда азаматтық құқық ғылымы әлемінде тұрақсыздық айыбы мен алдын-ала бағаланған залалдардың ара-қатынасы проблемасы дискуссиялық сипатқа ие. Алдын-ала бағаланған залалдар ұғымы Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілмеген. Тұрақсыздық айыбы алдын-ала бағаланған залалдарға қарағанда айыппұлдық қызмет те атқара алады. Осыған байланысты бірқатар авторлар алдын-ала бағаланған залалдарды айрықша тұрақсыздық айыбымен теңестіреді. Бұл ретте проблеманың мәні сол, соттар алдын-ала бағаланған залалдарды тұрақсыздық айыбы ретінде олар тұрақсыздық айыбының түрлеріне (өсімпұл немесе айыппұл) ресми түрде сәйкес келген жағдайда ғана саралайтындығында болып табылады. Алайда алдын-ала бағаланған залалдар тұрақсыздық айыбының құқықтық конструкциясына сай келмеген жағдайда сот тиісті шарт талабын классикалық залалдар ретінде саралауы мүмкін. Ал бұл, өз кезегінен, құрам толымсыздығы себебінен залалдардың өндірілмей қалу тәуекелін тудырады.

Берілген мақалада алдын-ала бағаланған залалдар ұғымының анықтамасын айқындаудың, оның тұрақсыздық айыбымен байланысының проблемалық мәселелері қарастырылған, сондай-ақ аталмыш құқықтық конструкцияны Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына енгізу мүмкіндігі мұқият зерделенген. Сонымен бірге мақалада тұрақсыздық айыбына жан-жақты сипаттама беріліп, теория мен практика тұрғысынан барынша толық талдау жүргізуге талпыныс жасалған. Алдын-ала бағаланған залалдар институтын зерттеу барысында азаматтық құқық саласында ерекше аты шыққан белгілі ғалымдардың көзқарастары келтіріліп, ағылшын практикасына баса назар аударылған.

Мақала Қазақстан Республикасының заңнамасына ағылшын құқығын имплементациялау тақырыбымен айналысатын ғалым заңгерлердің назарына ұсынылады.

 

##submission.downloads##

Жарияланды

30.03.2019

##submission.howToCite##

Қоныс , В. Т., Сабыров , Қ. Қ. ., & Бекен , А. Т. (2019). АЛДЫН-АЛА БАҒАЛАНҒАН ЗАЛАЛДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҰРАҚСЫЗДЫҚ АЙЫБЫМЕН АРА-ҚАТЫНАСЫ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 1(55). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/283

Журналдың саны

Бөлім

Азаматтық және азаматтық-процестік құқық