КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖАЗАЛАУ ТУРАЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢНАМАСЫНА ИМПЛЕМЕНТАЦИЯЛАУ
Кілт сөздер:
имплементация, халықаралық-құқықтық нормалар, кәмелетке толмағандар, қылмыстық заңнама, қылмыстық жаза, қылмыстық жауаптылықАңдатпа
Мақалада кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы және оларды жазалау туралы халықаралық-құқықтық нормаларды Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасына имплементациялау қарастырылған.
Мақалада 1989 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында қабылданған және 1994 жылы Қазақтан Республикасының Жоғарғы Кеңесі ратификациялаған «Бала құқықтары туралы» Конвенцияға зор мән берілген, өйткені онда алғаш рет баланың: өмір сүруге, өз есімінің болуына және азаматтықты алуға, даралығын сақтауға, ата-анасынан айырылмауға, білім алуға және кәсіптік даярлыққа, жеке өміріне ерікті түрде және заңсыз қол сұғушылықтан қорғауға, медициналық қызмет көрсетуге, сондай-ақ өз ойын еркін айту, ойлау, ар-ұждан және дін, қауымдастыққа, жиналыстарға қатысу бостандығына деген құқықтары бекітілді.
Қылмыстық жауаптылық мәселелері жөнінде Конвенцияның 40-бабында сөз қозғалады. Осыған байланысты авторлар осы баптың нормаларын Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасына имплементациялауды жан-жақты қарастырған.
Ғылыми полемика тәсілі және нормативтік негіздеу арқылы «имплементациялау» термині ашылған. Сондай-ақ мақалада Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің және басқа да нормативтік құқықтық актілердің нормалары кеңінен қолданылған.
Қорытындыда авторлар кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық жауаптылыққа және оларды жазалауға қатысты халықаралық стандарттар жалпы алғанда қылмыстық заңнамаға кіріктірілді деген түйінге келеді. Қарасытырылып отырған мәселе шеңберінде одан әрі имплементациялау қылмыстық заңнаманы кезең-кезеңімен қайта қарау негізінде жүргізілуі тиіс. Мұнда құқықтық мониторинг үлкен маңызға ие, соның шеңберінде Қазақстан ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес келмейтін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасына тиісінше имплементациялауды талап ететін құқықтық нормаларды, оның ішінде кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы және оларды жазалауға қатысты құқықтық нормаларды анықтауға болады.