ОРТА КӘСІПТІК БІЛІМ, ОНЫҢ НЕГІЗДЕРІ: МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ МЕКТЕПТЕГІ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН БІЛІМ БЕРУ
Кілт сөздер:
мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру, мектепте білім беру, құзыреттер, білім беру бағдарламалары, кәсібтік білім беру, жұмыс мамандықтарыАңдатпа
Мақала кіріспесінде Ресей мен Қазақстандағы мектепке дейінгі және мектепте тәрбие мен білім беру призмасы арқылы орта кәсіптік білім берудің өзекті мәселелері қарастырылады; болашақ жұмыскердерге білім және тәрбие берудің тәртібі мен шарттарын реттейтін нормативтік құқықтық актілер талданады; мазмұндық бөлігінде өзін құрметтейтін кез келген ата-ана өз баласына, оның ықыласы мен мүмкіндігіне қарамастан, жоғары білім алуға көмектесу қажет деген қалыптасқан ресейлік көзқарасты ескере отыра, оқушылар өздеріне қажетті ғана пәндерді оқуға таңдауға мүмкіндік беретін қоғам мүдделері мен оқушылардың белгілі мамандық қызмет бағыттарына деген қабілетіне орай қайта құру қажет орта кәсіптік білім беру негізі ретіндегі мемлекеттік және муниципалдық мектепке дейінгі және мектепте білім беруді модернизациялаудың қажеттілігі дәлелденеді, орта кәсіптік білім беруді бірнеше деңгейлерге бөлудің өзектілігі дәлелденеді. Атап айтқанда, жоғары білім берудің бірінші деңгейі ретінде қолданбалы бакалавриатты (3 жыл) енгізу ұсынылады, ол бірінші екі курс кезінде әлеуметтік маңызды пәндерді оқуға мүмкіндік берсе, ал үшінші курста – жұмыс мамандығымен тікелей кәсіптік бағалау деңгейін өткен үлкен компанияларда өңдірісте меңгеру.
Нәтижесінде студент тек жұмыс мамандығын меңгермей, сонымен қатар коммуникативті қатынастың практикалық психологиясын меңгереді. Бұндай құзыреттерді меңгере отыра, ол жоғары білім туралы дипломын алады; орта кәсіптік білім берудің басқа деңгейлері ресейлік еңбек нарығының қажеттіліктерімен, ғылыми-техникалық прогрес деңгейінің дамуымен, сонымен қатар жағымды шет елдер тәжірибесімен, оның ішінде Қазақстан Республикасы, модернизациялауы мүмкін.
Оқу жүктемесі мен белсенді демалыс арақатынасының қажеттілігі дәлелденеді.