ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ПАРЛАМЕНТТІК ТЫҢДАУЛАР
Кілт сөздер:
парламенттік тыңдаулар, ұлттық баяндамалар, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары, бақылау, мониторингАңдатпа
Осы мақалада парламенттік тыңдауды ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ олардың сапасы мен әлеуетін арттыру тұрғысынан ҚР Парламентінің бақылау функцияларын дамыту перспективалары ұсынылған. Құқықтанушы ғалымдар пікірлерінің қорытындысы бойынша автор парламенттік тыңдаудың мақсаттары кең көлемде қойылған деп қорытындылады. Мақаланың авторы мұны тыңдауға қандай да бір нақты шектеулерсіз жіберілетін мәселелердің ауқымы айқындайтынын ескертеді. Мақаланың авторы ұлттық баяндамалар үшін парламенттік тыңдаулар пайдаланылуы мүмкін екендігін айтады. Құқық қорғау қызметі де парламенттік тыңдаулардың тақырыбы болуы мүмкін. Автор адам құқықтары жөніндегі уәкілді туралы заңға деген қажеттілікті талқылауға қайтып оралуды жөн деп көрсетеді. Парламенттік бақылауды күшейту мақсатында саяси партиялар жанындағы қоғамдық қабылдауларды, сондай-ақ депутаттар, саяси партиялардың парламенттік фракциялары, ҚР Парламент палаталарының аппараты мен уәкілетті орган жүргізетін құқықтық мониторингті жандандыруға болады. Бұдан басқа, автор өткізілетін парламенттік тыңдаулардың беделі мен нәтижелілігі кері байланыстың қаншалықты пайдаланылатынына байланысты екендігіне, яғни тұжырымдалған ұсыныстардың қалай орындалатынына және олардың орындалуын қадағалануына назар аударады. Ұсынылған ұсыныстар және рекомендациялар жүзеге асырылған жағдайда парламенттік тыңдаулар бағытталып, ал қойылған тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесінің моделі президенттік басқару нысанындағы елде жүргізілетін өзгерістерге сәйкес әбден жаңа мазмұнмен толықтырылатын болады.