ТАУАР БЕЛГІЛЕРІ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ

Авторлар

  • Әлия Нұржанқызы Сеитова

Кілт сөздер:

тауар таңбалар, тауар таңбасын қорғау, заңнама тарихы, заңдар, тұтынушылар, айрықшалық, айрықша құқық

Аңдатпа

Мақала Қазақстанда және басқа елдерде тауар белгілері туралы заңнаманың дамыуы тарихын зерттеуге арналған. Бүгінгі күні Қазақстанда қолданыстағы заңнама нормаларын қолданудың шиеленісу практикасы негізінде ғана емес, сонымен бірге ғылыми түсіндіру мен салыстырмалы сот практикасын ескере отырып, Қазақстандағы тауар таңбаларын құқықтық қорғау және қорғау мәселелеріне ерекше назар аудару керек. Сонымен қатар, ұлттық заңнама тауар таңбаларын қорғау мен қорғауды құқықтық реттеудің әлемдік тәжірибесін ескермей қалдырамайды. Сондықтан зерттеу барысында Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Франция, Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттары және Германия секілді елдердің тауар белгілері туралы заңнамасының пайда болу мысалдары зерттелді және сарапталды. Белгілі бір елде егін, мал шаруашылығы және қолөнер өндірісінің дамуына байланысты ежелгі уақытта әлемнің түрлі бөліктерінде белгілер қолданылғаны анықталды. Тауар белгілерінің болуы, осындай белгілерді пайдалану бойынша қатынастар, сондай-ақ оларды ертерек пайдалануды бастағандардың құқықытарының бұзылуы немесе тауарлық белгілерді көшіру талаптарын бұзу қажетті құқықтық реттеуді талап етті. Автор, түрлі елдердің заңнамасын талдау жасай отырып, әр түрлі елдердегі тауар белгілерін сақтау мен қорғау жүйелерін  Қазақстан Республикасының тауар белгілері туралы қолданыстағы заңнамасымен салыстыру жүргізеді. Талдау нәтижесі бойынша, автор сипатталған елдердің әрқайсысының тәжірибесі қазіргі заманғы Қазақстанның тауар белгілері туралы заңнамасын қалыптастыруға әсер еткендігі туралы қорытындыға келді. Қазақстандағы тауар белгілердің айрықша құқықтарды қорғау және сақтаудың қазіргі жүйесі дамыған елдердің тәжірибесіне толық сәйкес келеді.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.03.2019

##submission.howToCite##

Сеитова, . А. Н. (2019). ТАУАР БЕЛГІЛЕРІ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 1(55). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/296

Журналдың саны

Бөлім

Жас ғалым мінбері