КВАЗИМЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ЖЕКЕ СЕКТОРДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҰҒЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕСІНЕ

Авторлар

  • Жанат Кокеновна Каражанова

Кілт сөздер:

квазимемлекеттік сектор, жекеше сектор, сыбайлас жемқорлық түсінігі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету

Аңдатпа

Осы мақалада автор Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік және жеке секторындағы сыбайлас жемқорлық ұғымы қалыптасуының өзекті сұрақтарын қарастырған, квазимемлекеттік және жеке сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету сұрақтарын реттейтін халықаралық-құқықтық, отандық және шетелдік құқықтық актілер талданған. Отандық заңнаманы салыстырмалы-құқықтық талдау көрсеткендей, Қазақстан Республикасындағы квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлық анықтамасын беруге мүмкіндік туғызды. Квазимемлекеттік сектор субъектілері олардың басшылары түрінде билік органдарының субъектілері сияқты қылмыстық жауаптылыққа бірдей тартылады деген қорытынды жасалған. Сондықтан, квазимемлекеттік сектор субъектілерін кеңейту ұсынылған, квазимемлекеттік секторда материалдық-қаржылық ресурстармен және мемлекеттік бағдарламалармен байланысты құрылымдық бөлімше басшыларына дейін қылмыстық жауаптылыққа тартылуы керек.

Халықаралық заңнама мен шетелдік әдебиеттерді толық талдау нәтижесінде жеке сектор анықтамасын «көпшілікке арналған міндет» және «көпшілікке арналған қызмет» ұғымдарының негізінде бөліп алуға мүмкіндік туғызды.

Квазимемлекеттік және жеке сектордағы түсіністік аппаратты талдау негізінде Қазақстан Республикасы квазимемлекеттік және жеке секторындағы сыбайлас жемқорлық анықтамасын бөліп алу мүмкін болды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету және қылмыстық құқық бұзушылықтарды дұрыс саралау мақсатында автор сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтарын бір тарауға «Сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтары» деген атаумен қосуды ұсынып отыр.   

Автор нұсқамалары мен ұсыныстары Қазақстан Республикасының Парламентімен заңшығару қызметінде, мемлекеттік органдармен және қылмыстық қудалау органдарымен Қазақстан Республикасы квазимемлекеттік және жеке секторындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бөлігінде қылмыстық заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау барысында қолданылуы мүмкін.  Автор қорытындылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету және қылмыстық жауаптылыққа тарту саласында заңнаманы жетілдіруге бағытталған. 

##submission.downloads##

Жарияланды

30.03.2019

##submission.howToCite##

Каражанова, . Ж. К. (2019). КВАЗИМЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ЖЕКЕ СЕКТОРДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҰҒЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕСІНЕ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 1(55). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/297

Журналдың саны

Бөлім

Жас ғалым мінбері