АТҚАРУШЫ БИЛІК ОРГАНДАРЫНЫҢ ЗАҢҒА ТӘУЕЛДІ АКТІЛЕРІНІҢ НОРМАЛАРЫН НАКТЫЛАУ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕСІНЕ

Авторлар

  • Гүлім Қуатбекқызы Бейсбекова

Кілт сөздер:

құқық нормалары, заңға тәуелді актілер, атқарушы билік, Қазақстан Республикасы, Жоғарғы сот

Аңдатпа

Заңның және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің арақатынасы және қарастырылатын сұрақты зерделеудің жалпы тәсілі туралы сұрақтарға  дәстүрлі түрде құқықтық әдебиетте елеулі көңіл бөлінген. Қазіргі кезде құқықтану және тәжірибенің бұл аспектісі ерекше көңіл аударуды  талап етеді. Қазақстандық заңнаманы жаңғыртудың заманауи кезеңінде бұл мәселе күрделене түседі. Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы  Конституцияның үстемдік принциптерін және төменгі деңгейдегі актілердің жоғары деңгейдегі актілердің нормаларына сәйкестігін бұлжытпай сақтау қажет екендігін көрсетеді. Заң ғылымында теориялық сұрақтар көріністік сипатта болды. Кеңес кезеңінде заң және заңға тәуелді актінің арасындағы өзара байланысты түсіну құқықтық теория мен тәжірибеде негізінен, ешқандай заң оны әзірлейтін заңға тәуелді және нормативтік құқықтық актілер жүйесінсіз әрекет ете алмайтындығына негізделген. Зерттеу тақырыбы заңға тәуелді актілерді қабылдау бойынша қоғамдық қарым-қатынастар болып табылады. Зерттеу әдістері: салыстыру, құқықтық талдау, ғылыми танып-білу әдістері. Жұмыстың нәтижелері құқықтанушылардың заңға тәуелді актілер қабылдау үдерісінде құқық нормаларын нақтылауды түсінуі бойынша көзқарастарын жүйелендірумен берілген. Зерттеу нәтижелерін құқықтық пәндер бойынша дәрістер мен семинар сабақтарды оқу кезінде пайдалануға болады.

Мақалада заңға бағынышты заңшығармашылықты жүзеге асыру тетігі сипалталған. Заңға бағынышты актілермен, заңдардың сақталуын қамтамасыз ету құралы қалыптасады, сондай-ақ қоғамдық қатынастарды нормативтік реттеу нақтыланады. Бұдан басқа, заңға бағынышты актіні қабылдау тетігі қаралып, түпклікті қорытындылар жасалды.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.03.2019

##submission.howToCite##

Бейсбекова , Г. К. . (2019). АТҚАРУШЫ БИЛІК ОРГАНДАРЫНЫҢ ЗАҢҒА ТӘУЕЛДІ АКТІЛЕРІНІҢ НОРМАЛАРЫН НАКТЫЛАУ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕСІНЕ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 1(55). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/298

Журналдың саны

Бөлім

Жас ғалым мінбері