ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСІ – ОТБАСЫ МЕН БАЛАНЫ ҚОРҒАУ КЕПІЛІ
Кілт сөздер:
ҚР Конституциялық Кеңесі, ана, отбасы, некесіз бала туу, неке-отбасы заңнамасыАңдатпа
Берілген мақалада Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің бүгінгі таңда ерекше қызығушылық туғызатын отбасылық құндылықтар, некесіз бала туған әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты мәселе бойынша құқықтық ұстанымына терең талдау келтірілген. Бұл ұстаным, өз кезегінен, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің соңғы нормативтік қаулыларының бірінде көрініс тапқан.
Осыған орай автор Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің практикасына жан-жақты талдау жасаған, конституциялық қағидаларды талқылауға қатысты бұрын қолданған тәсілдерді толық қарастырған. Бұдан басқа, мақалада сонымен қатар отбасы институтын қорғау мәнмәтініндегі халықаралық тәжірибеге де талдау жүргізілген. Оның негізінде Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің аталмыш қаулысында көрініс тапқан құқықтық ұстанымның шетел мемлекеттерінің отбасы құқығының, халықаралық адам құқықтарының құқығы мен соның ішінде халықаралық отбасы құқығының соңғы даму тенденцияларымен үйлесімділігі анықталған.
Автор Қазақстан Республикасы Конституциясының жасампаз әлеуетін ашу маңыздылығына қатысты көзқарасты ұстанады. Италия, Испания сияқты бірқатар озық мемлекеттердің конституцияларына жүргізілген салыстырмалы талдау, сонымен бірге халықаралық актілерден, сондай-ақ Қазақстанның сот практикасынан келтірілген үзінділер, автордың пікіріне сәйкес, жалпы алғанда конституциялық құндылық ретіндегі ана және бала, отбасын қорғау кепілі мәселесінде Конституциялық Кеңестің оң тәсілдер қолданатынын куәландыра түседі.