ӘКІМШІЛІК ӘДІЛЕТ ЖҮЙЕСІНДЕ АППЕЛЯЦИЯ ИНСТИТУТТАРЫ
Кілт сөздер:
жария дау, әкімшілік әділет, мемлекеттік орган, жария дауды реттеу, сотқа дейінгі тәртіп, әкімшілік сот, ведомствоішілік институт, ведомстводан тыс институтАңдатпа
Әкімшілік құқықтың реформасы мемлекет пен азаматтар (ұйымдар) арасындағы жария құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды шешетін Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы №858 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасымен көзделген әкімшілік әділетті енгізу қажеттігін қозғайды.
Сот жүйесін реформалаудың жағымды үдерісі, атап айтқанда, істерді қарау мерзімдерінің қысқартылғаны, жеңілдетілген және баламалы сот өндірісін пайдалану арқылы шешілген істердің санының өсуі атап өтілген «Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығы маңызды стратегиялық құжат болып табылады.Бұдан әлемде өзін дәлелдеген әдістерді: келіссөздер, бітімгерлік келісім, сонымен қатар жария дауларды шешудің баламалы әдістері арқылы дауларды сотқа дейінгі және соттық реттеуді дамыту қажеттігі келіп шығады.
Сотқа дейінгі шағымдану институтын жетілдірудің негізгі мақсаты соттарды жүктемеден босатудан басқа мемлекеттік органдардың шешімдер, әкімшілік актілер қабылдауда, олардың лауазымды адамдарының жасаған әрекеттері (әрекетсіздіктері) үшін жауапкершілігін арттыру, мемлекеттік араласудан қорғау қажеттігі болып табылады.
Бұл мақалада жалпы шағымдану институтын реттейтін нормативтік құқықтық актілер және жекелегенде жария дауларды сотқа дейінгі реттеу институты қарастырылған және талданған. Ведомствоішілік, ведомстводан тыс, соттық кіші институттан тұратын шағымдану институтының сипаттамасы мен сыныптамасы берілген. Шағымданудың негізгі кезеңдері, сонымен қатар, актілерге шағымданғанда, шешуде, жария құқықтық қатынастардың негізгі қатысушысы ретіндегі мемлекеттік билік органдардың құзыреттері (лауазымды адамдарының әрекеттері мен әрекетсіздігі) қарастырылған.