ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЭНЕРГИЯ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ (КЛИНИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР) САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРДІ ЖЕТКІЗУДІҢ АҒЫМДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

  • Ербол Абайұлы Дүйсенов
  • Арман Қаиргелдіқызы Ләмбекова

Кілт сөздер:

Экологиялық кодекс, экологиялық заңнаманы жетілдіру, қоршаған ортаны қорғау, клиникалық зерттеулер, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, зерттеудің осал субъектілері

Аңдатпа

Аталған мақала Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ағымдағы заңнамалық қызметін ескере отырып, қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласын, әсіресе клиникалық зерттеулерге қатысты, заңнамалық регламенттеу мәселелеріне арналған.

 

Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына Экологиялық кодекcінің тұжырымдамасы, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының сәйкестігіне талдау жүргізілді және қолайлы қоршаған ортаны және клиникалық зерттеулер жүргізу үшін еркін ерік беруді қамтамасыз ету тұрғысынан талдау жүргізілді.

Қазақстандағы бірқатар экологиялық проблемаларға қатысты  қатынастарды нормативтік реттеудегі жекелеген аспектілерді зерттеудің және дәрі-дәрмектерді белгілі бір халық санатына қатысты қолдана отырып зерттеу  негізділігінің өзектілігі айқындалған.

Мақалада заңнаманың деңгейінде қолданыстағы экологиялық мәселелер және жаңа Экологиялық кодекс тұжырымдамасын сапалы түрде толтыру қажеттілігі атап өтілді. Құқық қолдану практикасын талдау және практикалық қызметкерлердің көзқарастарына шолу жасау негізінде қалалардағы және қызметі өнімді бөлу туралы келісіммен регламенттелген өндірістік өнеркәсіп объектілеріндегі экологиялық жағдайды айтарлықтай жақсарту үшін нақты мәселелер белгіленген. Қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауды қамтамасыз ету мәселелері зерттелген.

Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама ережелерін ескере отырып, зерттеулердің салааралық және ведомствоаралық мәнмәтінінде (Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдар академиясымен бірлесе отырып) қоршаған ортаны қорғау саласында нақты міндеттер қойылған.

Автокөлік құралдары пайдаланатын газды шығарудың тұнықтығы мен халыққа берілетін мотор жанармайының сапасына тұрақты мониторинг жүргізу мен қадағалаудың ашық және тиімді тетігін заңнамалық деңгейде анықтау қажеттілігі белгіленген.

Экология мен денсаулық сақтау саласында проблемалық мәселелердің заңнамалық реттелуін жетілдіруге, сондай-ақ ЭЫДҰ мүше мемлекеттерінің озық тәжірибесіне нақты шолу қажеттілігіне қатысты авторлық пікірлер берілген. Аталған мақала қолайлы қоршаған ортаға құқық және денсаулықты сақтау сияқты өмірлік маңызы бар құқықтарды қамтамасыз етумен байланысты мәселелерге қатысты авторлық ұстанымдарын қамтиды.

 

##submission.downloads##

Жарияланды

30.12.2018

##submission.howToCite##

Дүйсенов, Е. А., & Ләмбекова, А. К. (2018). ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЭНЕРГИЯ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ (КЛИНИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР) САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРДІ ЖЕТКІЗУДІҢ АҒЫМДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 5(54). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/309

Журналдың саны

Бөлім

Азаматтық және азаматтық-процестік құқық