ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАРДЫҢ БІРЛЕСІП ЖАЗАТЫН ӨСИЕТІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ

Авторлар

  • Улбала Ерзатовна Кудиярова

Кілт сөздер:

мұрагерлік құқық, өсиет бойынша мұрагерлік, лайықсыз мұрагерлер, міндетті үлеске құқығы бар мұрагерлер, кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз балалар, мұра қалдырушының еңбекке жарамсыз ата-анасы

Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстан Республикасының құқықтық қатынасына жат, шет елдік қолданыстағы ерлі-зайыптылардың бірлесіп жазатынөсиет ережесінің құқықтық табиғаты мен заңнамалық реттелуіне талдау жасалған.Қазіргі таңда, өзге мемлекеттердің тәжірибесіне үңілсек, өсиетті тек тұлғаның өзі емес, өсиетті бірлесіп те жазатын жағдайлар қарастырылған. Нақты айтсақ, «ерлі-зайыптылардың бірлесіп жазатын өсиеті».

Өсиет –біржақты мәміле, яғни бір тараптың еркін білдіруі. Осы тұрғыда Өсиетті нотариалды куәландырған тұлға қайтыс болғаннан кейін, өсиет қалдырушының қалдырған өсиеті, және өсиет бойынша мұрагерлердің құқықтарын туғызады. Ал ерлі-зайыптылардың бірлесіп жазатын өсиетінде некеде тұрған, яғни некелерін мемлекеттік тіркеуде заңдастырған тұлғалар, өзара келісе отырып, өздерінің ортақ меншіктерін және ерлі-зайыптылардың әрқайсысының меншігіндегі мүліктерді бірлесе отырып өсиет жазады. Егер ерлі-зайыптылар тірі кезінде некелерін тоқтатса, не сотшешімі негізінде некелері жарамсыз деп танылса, ерлі-зайыптылардың бірлесіп жазатын өсиеті күшін жоятын мән-жайлар қарастырылған.  Сондай-ақ, егер ерлі-зайыптылардың бірі қайтыс болған жағдайда, бірлесіп жазған өсиетті өзгертуге құқығы бар, егер де артында қалған өсиет қалдырушының бірі өзінің жеке меншігіне қатысты өзгерте алады . Өсиет-өсиет қалдырушының өзіне тиесілі мүлікті кімге, қандай үлесте беру туралы өкімі болып табылады. Бірлескен өсиетте де бұл ұстаным бар. Яғни, егер де ерлі-зайыптылардың бірлесіп жазатын өсиетінде міндетті үлеске құқығы бар тұлғалардың құқықтарын ескерілмесе,міндетті үлеске құқығы бар тұлғалар өз құқықтарын даулай алады. Сонымен қатар ерлі-зайыптылар бірлесіп жазған өсиетінде заңды мұрагер болып табылатын тұлғаларды жанама не тікелей шеттетуге құқығы бар.

Сонымен қатар, мақалада ерлі-зайыптылардың бірлесіп өсиет жазу ережесінің шетелдік тәжірибелердегі алатын орны мен теориялық мәні қарастырылды.

 

##submission.downloads##

Жарияланды

30.12.2018

##submission.howToCite##

Кудиярова, У. Е. . (2018). ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАРДЫҢ БІРЛЕСІП ЖАЗАТЫН ӨСИЕТІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 5(54). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/310

Журналдың саны

Бөлім

Азаматтық және азаматтық-процестік құқық