ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ АҚПАРАТ АЙНАЛЫМЫ АЯСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

  • Гүлнар Еркебұланқызы Әбдірасұлова

Кілт сөздер:

азаматтық-құқықтық айналымындағы ақпарат аясында халықаралық ынтымақтастық, ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ақпараттық инфрақұрылым, интеллектуалдық меншік объектілерін қорғау

Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстанның жаһандық ақпараттық үдерістерге қатысуы. ең маңызды шарт ретінде азаматтық-құқықтың айналымындағы ақпарат аясында халықаралық ынтымақтастықтың көп қырлы тақырыбының өзекті мәселелері қарастырылады.

Біздің мемлекетіміздегі қоғамдық өмірқызметіне осы тұста  халықаралық қоғамдастық ұсынған жоғары стандарттары мен қағидаларға сәйкес қабілетті болу үшін елеулі өзгерістер керек. Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық және ақпараттық кеңістікте барған сайын белсенді интеграциялануы құқықтық және технологиялық қорғау механизмін жетілдіруді, шекаралық өткелдерде интеллектуалдық меншік объектілерін қорғауға мүдделі тараптардың тиімді өзара іс-қимылын, авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы сот қорғауын, өнеркәсіптік меншікті және басқа да өмірлік құндылықтарды талап етеді.

Қазақстанда ақпараттық құқықпен байланысты құқықтық реттеуді жетілдірудің заманауи процесі, бірқатар міндеттерді шешуге байланысты, соның ішінде интеллектуалдық меншікке қатысты емес ақпаратқа құқық аясындағы қатынастарды реттейтін заңнамадағы кемшіліктер мен қақтығыстарды жеңуге байланысты, осы құқықтарды соттық қорғаудың тиімді механизімін әзірлеу. Ең жақын шешімі ретінде, сайып келгенде, халықаралық стандарттарға сай келетін өркениетті әдістермен ақпараттың азаматтық-құқықтық айналымын реттеуге мүмкіндік беретін тиімді жүйені қалыптастыруға бағытталған.

Мақала авторы аталған контекстте Қазақстан Республикасының азаматтық-құқықтық айналымдағы ақпарат аясындағы халықаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін зерттеді, сондай-ақ осы үдерісті жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын береді.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.12.2018

##submission.howToCite##

Әбдірасұлова, Г. Э. (2018). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ АҚПАРАТ АЙНАЛЫМЫ АЯСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 5(54). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/311

Журналдың саны

Бөлім

Азаматтық және азаматтық-процестік құқық