ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҒЫНЫҢ ОНТОЛОГИЯСЫ
Кілт сөздер:
ылмыстық-іс жүргізу заңнамасы, заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігі, заңды тұлғалардың квазижауапкершілік, қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары, ретроспективті талдауАңдатпа
Ұсынылатын мақалада Ресей қылмыстық және қылмыстық процестік құқығында заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылық институтын заңдастыру үшін заң шығарушы, құқықтанушы мен практик қолданатын тәсілдер онтологиялық тұрғыдан қаралады. Мәселен, ХІХ ғасырдың екінші жартысында өткізілген Ресей құқығын реформалаудың оң тәжірибесі 1845 жылғы Қылмыстық және түзеу жазалар туралы жинақтағы заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылығы туралы нормаларға талдау жасауға, 1864 жылғы Қылмыстық сот ісін жүргізу жарғысындағы зыңды тұлғаларға қылмыстық-процестік мәжбүрлеу шараларын қолданудың рәсімдік ерекшеліктеріне назар аударуға, сондай-ақ құқық қолдану қызметіне заңды тұлғалардың квазиқылмыстық жауаптылығының прецеденттерін «кестелі» түрде енгізген сот практикасын қозғауға мүмкіндік берді.
Ресей заңнамасының, XIX ғасырдың ортасында – XX ғасырдың басындағы теориясы және практикасының салыстырмалы-құқықтық мониторингі нәтижесінде анықталған заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылық институтын жария пайда болуын тарихи шарттау ететін факторлары, ресей құқығының одан әрі даму кезеңдеріндегі негізгі зерттеулер мен заңшығарушы тәсілдемелерін саралау жалғастыруына мүмкіндік берген.
Бұл бөлігінде, мақалада ХХ ғасырдың 20-80 жж. нормативтік құқықтық актілердің ретроспективті талдау негізінде заңды тұлғалардың қылмыстық-құқықтық қатынастар предикаттары болып табуының заң шығарушылық тетіктері көрсетілген. Автор 1996 ж. Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің бірнеше жобаларын XX ғасырдың 90-шы жж. әзірлегенде қылмыстық құқық ғылымда айқындалған заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылық туралы нормаларын құрастыруға әрекет жасаған жағдайда «pro et contra» негізгі көзқарасты өзекті қылған. Мақалада РФФИ және Франциядағы «Дом наук о человеке» деген қорының қаржылық қолдауымен орындалған «Уголовная и административная ответственность юридических лиц за нарушение правил конкуренции» атты № 16-23-08001-ОГН/18 ғылыми жобаның іске асыру нәтижелері орын тапқан.