ЕГЕМЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАРДЫ ОРЫНДАУДЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕТТЕУ
Кілт сөздер:
адам құқықтары, Қазақстан Республикасы, Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы, Конституция, халықаралық шарт, Адам құқықтарының жалпы декларациясыАңдатпа
Қазақстан территориясында бірінші Конституцияны қабылданғаннан бастап қазіргі уақытқа дейін халықаралық құқық нормаларын жүзеге асыру аясындағы конституциялық реттеу әдістерінің құрылуы қарастырылады. Мемлекеттің халықаралық құқықтың жалпыға ортақ принциптері мен нормаларына сәйкес екіжақты және көпжақты негізде жасасқан барлық халықаралық шарттарды орындауға бағытталғанын атап өтіледі. Сонымен қатар, 1993 жылғы бірінші Конституцияны қабылдағаннан бастап 1995 жылғы Негізгі заңды қабылдағанға дейін халықаралық шарттарды орындаудың нормативтік реттеу әдістерінің белгігі эволюциясы байқалады. Бұдан басқа, халықаралық және мемлекетішілік құқық арақатынасын жетілдіру бойынша бірсыпыра әдістерді қамтитын, 2017 жылғы 10 наурызда қабылданған Қазақстан Конституциясына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар оқырман назарына аударылған. Жоғарыда аталған өзгертулер мен толықтырулар барлық әрекет ететін мемлекетішілік заңнама негізінде, Басты заңмен қандай да бір қайшылықсыз, мемлекеттің өзіне алған халықаралық міндеттемелерін орындауды одан да нақты байқауға мүмкіндік береді.
Халықаралық шарттарды ратификациялау мен олардың Конституцияға сәйкестігін қарастыруға Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің өкілеттігі, сонымен қатар, 2017 жылғы 10 наурызда енгізілген бұл конституциялық бақылау органының қосымша өкілеттіктері қарастырылады. Қазақстанда конституциялық және заңнамалық негізде халықаралық міндеттемелерді әділ орындау үшін, халықаралық міндеттемелер мен мемлекеттің ұлттық ерекшеліктерінде қандай да бір коллизияларды болдырмау үшін, мемлекеттің егемендігін сақтау мен күшейту үшін барлық қажетті әдістері қабылданады деген қорытынды жасалынады.