ХАЛЫҚАРАЛЫҚ, ТРАНСҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК ЮРИСДИКЦИЯЛЫҚ ОРГАНДАРДЫҢ ШЕШІМДЕРІ: МОЙЫНДАУ ЖӘНЕ ОРЫНДАУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Кілт сөздер:
шетелдік сот шешімдерін мойындау және орындау, шетелдік төрелік шешімдерін мойындау және орындау, көпшілік тәртіп, төрелік, халықаралық сот органдарыАңдатпа
Мақалада халықаралық хұкімет органдарының, халықаралық коммерциялық төрелік сот және ұлттық соттардың шешімдерінің ықпал ету проблемалары зерттелген, сондай-ақ халықаралық хұкімет органдары қабылдайтын шешімдер арқылы мемлекеттің құқықтық жүйесіне араласу проблемасы талданған. Кейінгі уақытта халықаралық және ұлттық хұкімет органдары мемлекеттер келіспейтін және орындамайтын резонансты шешімдерді жиі қабылдайтынын атап өткен. Халықаралық және ұлттық сот органдарының шешімдері мемлекеттің егеменділік құқықтарын қозғауы мүмкін екенін ескеру қажет, соның салдарынан осы тәріздес шешімдерді мойындау және орындау қауіпсіздік мәселелерімен байланысты. Зерттеуде хұкімет органдарының халықаралық, ұлтаралық және шетелдік шешімдерінен мойындаудан мемлекеттің бас тартуы проблемасы негізгі орын алады. Жұмыста шетелдік сот және төрелік шешімдерін мойындау және орындау қолданымдағы тұжырымдамаларымен салыстыру жүргізілген (халықаралық шарттың бар болуы, өзара, немесе оларды үйлестіру), сонымен қатар ұлттық процессуалдық кодекстерде көрсетілген тұжырымдамаларды бекіту жасалған. Халықаралық-құқықтық және ұлттық актілерде көпшілік тәртіп туралы ережеге салыстырмалы талдау жүргізілген, және шетелдік сот және төрелік шешімдерін мойындаудан және орындаудан бас тарту үшін негіз ретінде мемлекеттің осы санатты қолдануы. Халықаралық сот органдарының шешімдерін мойындаудан және орындаудан мемлекеттің заңды бас тартуы жағдайлары халықаралық және ұлттық құқықта реттелмегендігі атап өтілген. Мемлекеттер халықаралық хұкімет органдарының орындау шектерін белгілеуі және мемлекеттің конституциялық негіздерін қозғайтын жағдайда, оларды орындаудан бас тарту мүмкіндігін қарастыруы қажет. Мақалада «көпшілік тәртібі» санатын әртүрлі деңгейдегі хұкімет, оның ішінде халықаралық сот органдарының қоланылуы мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шешімдерін орындаудан қорғау құралы ретінде қарастыру ұсынылады.