ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ (құқықтық мониторингтің нәтижесі)
Аңдатпа
Қазақстан Республикасының сақтандыру жүйесі нарықтық қатынастарға көшуге байланысты бірқатар маңызды құрылымдық өзгерістерге ұшырады. Бұл аталған жүйеге айтарлықтай әсер етті: сақтандыру операцияларына мемлекеттік монополиясы біртіндеп сақтандыру нарығына өтті. Қазақстан тәуелсіздігі жылдарында жаңа сақтандыру компанияларының белсенді қалыптасқан үрдісі байқалды, олар өз жұмыстарын барлық шаруашылық субъектілерінің нақты сақтандыру мүдделерін ескере отырыпбастаған.
Қазіргі заманғы Қазақстан нарығының сақтандыру қатынастарын ұйымдастыру принциптері сақтандыру ісін әрі қарай дамытуды және жаңғыртуды, оны әлемдік стандарттарға көбірек бейімдеуді және жақындатуды талап етеді.Бұл бірінші кезекте заңнамалық базаны жетілдіруге, нарықтық экономика талаптарына сәйкес сақтандыру саласында әдістемелік ұсыныстардыжәне сақтандыру операцияларының нысандарын әзірлеуге қатысты.
Мақалада сақтандыру саласындағы заңнаманы, оны практикада қолдануын зерттеудің, ғылыми ізденістердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, үкіметтік емес ұымдарының өкілдерімен өткен дөңгелек үстел материалдардың негізінде Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы» Заңының нормалары және ережелері талқыланады.
Автор нормативтік құқықтық актінің мазмұнына және мәтінін баяндау стиліне ерекше назар бөледі. Олқылықтар, коллизиялар, қайталанулар, сондай-ақ тиімсіз қолданатын және сыбайлас жемқорлық нормалар сияқты концептуалдық ескертулердің болуын көрсетеді. Автор талдау барысында анықталған кемшіліктер әдеби тіл нормалары, заң терминологиясы, заң техникасы тиісті түрде сақталмағанын растайды деп санайды, бұл практикада заң нормаларын дұрыс түсінуін қиындатады.
Сонымен қатар автор бағдарламалық құжаттарда, Ел басының сөйлеген сөздерінде, Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында көзделген каржылық қорғану құралы ретінде сақтандыру нарығын дамытудың басымдығын көрсетеді.
Сақтандыру қызметін жетілдіру мақсатында автормен «Сақтандыру қызметі туралы» Заңында анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар енгізілді.