ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КООПЕРАЦИЯСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ- ҚҰҚЫҚТЫҚ ДАМУЫНЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

Авторлар

  • Қалдарбек Жүнісбайұлы Қуандықов
  • Мадина Қойшыбайқызы Жусупбекова
  • Рахат Зауытбекұлы Абдрахманов

Аңдатпа

Мақалада ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытудың құқықтық – ұйымдастырушылықтың өзекті мәселелері қарастырылған. Еліміздегі ауыл шаруашылығы кооперациясын ұйымдастыру кезіндегі күрделенген және шешуге тиісті мәселелерге көңіл бөлінген. Сонымен қатар, ауылшаруашылық кооперативтерін қолдау жөніндегі әр түрлі ғалымдардың пікірлері мен шетел тәжірибесі қарастырылған.

Мақалада өркениетті дамыған мемлекеттердің ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытудағы жетістіктерге, отандық ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің қазіргі жағдайдағы мәселелеріне талдау жасалған. Қазақстан Республикасының «Ауыл шаруашылық кооперативтері туралы» заңына сәйкес, ауылшаруашылық кооперативтерінің коммерциялық заңды тұлға ретіндегі құқықтық мәртебесіне арнайы талдау жасалған.

Мақалада мемлекеттiк деңгейде, тұрақты түрде,ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту үшін мемлекеттiк және жеке инвестицияларды тартуға қатысты мәселелер қарастырылған. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы субъектілерінің кооператив түрінде жұмыс істеуіне жүйелі түрде жан – жақты мемлекеттік қолдау көрсету туралы мәселелер қарастырылған.

Мақалада ауыл шаруашылығы кооперативтерінің мемлекеттік қолдаудың арқасында еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі, жұмыспен қамту және экономикалық даму мәселелерін шешуге көмектесе алатындылығы айтылған. Ауыл тұрғындарының ауыл шаруашылығы кооперативтерін көптеп құруы халықты жұмыспен қамтамасыз ету, олардың әл – ауқатын көтеру және елімізді сапалы азық – түлікпен қамтамасыз ету сияқты көптеген мәселелерді шешуге ықпал ететіндігі айтылған. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту үшін қандай мәселелерді шешу керектігі айтылған.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.12.2018

##submission.howToCite##

Қуандықов, Қ. Ж. ., Жусупбекова , М. Қ. ., & Абдрахманов, Р. З. . (2018). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КООПЕРАЦИЯСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ- ҚҰҚЫҚТЫҚ ДАМУЫНЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 5(54). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/317