ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІНІҢ ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА АУЫСУЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕР
Кілт сөздер:
кириллица, латындандыру, реформа, латын әліпбиіне көшірілген графика, стратегиялық басымдықАңдатпа
Авторлар өз мақаласында қазақ тілі әліпбиінің кириллицадан латын графикасына ауысуы мәселесін ең алдымен ана тілінің өткен ғасырдағы даму тарихына үңіле отырып қарастырады.
Авторлар ұлттық латын әліпбиіне көшірілген графиканы жасаған кезде жазылуын анағұрлым қысқа ету идеясын негізге алған жалпы қағидаттарға назар аударылғандығын еске салады, тілдің бір графикалық жазудан екіншісіне осыншалықты жылдам ауысу себептерін сипаттайды.
Еліміз латын әліпбиіне толық өтетін кезеңге дейін, яғни 2025 жылға дейін алда күрделі қаржы шығыстары мен ресурстарын талап ететін ауқымды жұмыс күтіп тұрғанына назар аударды.
Осыған байланысты, авторлар Қазақстан Республикасы Заңнама институтының Лингвистика орталығы латын әліпбиіне ауысқан кезде назар аударуға тиіс аспектілерді, Орталық алдында қандай магистральды қиындықтар тұрғандығын және қандай ықтимал қиындықтарды еңсеру керектігін қарастырады.
Мемлекет басшысы алға қойған күрделі міндеттерге қарамастан, авторлар елордамыздың Астанаға көшуін мысал ретінде келтіре отырып, барлық қазақстандықтардың латын әліпбиіне ауысуы кезіндегі мүмкіндіктеріне оң баға береді және Лингвистика орталығының болашағына оңтайлы қарайды.