ҒЫЛЫМИ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ САРАПТАМАНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ

Авторлар

  • Нұргүл Айтмұханқызы Байкәрімова
  • Дүйсенкүл Мұхамбетжанқызы Шыңғысбаева

Кілт сөздер:

ғылыми-лингвистикалық сараптама, екі тілдегі мәтіндердің теңтүпнұсқалылығы, мағыналық зерттеу, құқық туралы дау, құзырет

Аңдатпа

Авторлар Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі жобасын Азаматтық-процестік кодекспен салыстыра отырып, оның шағын үзіндісіне ғылыми-лингвистикалық сараптама жүргізуді мысалға келтіріп және «подведомственность» деген сөздің аудармасын қолдану үшін дәлелдер келтіріп, Заңнама институты Лингвистика орталығының нормативтік құқықтық актілер мен халықаралық шарттар жобаларына сараптама өткізуінің барысын талдай отырып, ғылыми-лингвистикалық сараптаманы өткізу барысындағы көп кездесетін кемшіліктерді ерекшелеп көрсетеді.

Авторлардың пікірінше, мағыналық зерттеу кезінде бір ерекше жайт маңызды болып табылады – энциклопедиялық басылымдарда берілетін сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын нақты жағдайдан бөлек қараған дұрыс емес. Сондықтан заң жобасының мәтінінде сипатталған оқиғалар мен мән-жайларды сарапшылардың толық біліп түсінуі тиіс. Оған қоса, Лингвистика орталығының сарапшылары сараптама құқықтық салада жүргізілетінін ұмытпауы тиіс екені маңызды, ал бұл ерекше назар аударуды – заң техникасын сақтауды талап етеді.

Сонымен қатар Лингвистика орталығы әзірлейтін терминологиялық сөздік одан әрі нақты және мұқият сөздер таңдауды қажет ететіні мақалада атап көрсетілген.

Бекітілген, жалпылама сипаттағы Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми сараптама жүргізу қағидасымен (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 қыркүйектегі № 938 Қаулысы), Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ғылыми сараптама жүргiзу қағидалары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 497 қаулысы) қатар заңдар жобаларының қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің теңтүпнұсқалылығы бөлігінде ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу жөніндегі бекітілген әдістемелік ұсынымдар жоқ екенін айтады.

 

##submission.downloads##

Жарияланды

30.12.2018

##submission.howToCite##

Байкәрімова , Н. А., & Шыңғысбаева, . Д. М. (2018). ҒЫЛЫМИ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ САРАПТАМАНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 5(54). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/321

Журналдың саны

Бөлім

Мемлекеттік тілдегі заң шығармашылығы практикасынан