ЖАРИЯ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАН ТУЫНДАЙТЫН ДАУЛАРДЫ СОТҚА ДЕЙІНГІ РЕТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ

Авторлар

  • Анджела Серікқызы Төлепбаева
  • Тимур Қанатұлы Макенов

Кілт сөздер:

жария дауларды сотқа дейінгі реттеу, мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының шешімдері мен әрекеттерін (әрекетсіздігін) шағымдау, әкімшілік әділет, жария құқықтық қатынастар

Аңдатпа

Жария құқықтық қатынастардан туындайтын,азаматтар мен ұйымдардың заңды құқықтары мен мүдделерін құқықтық қорғау тетігі ретінде  саналатын сотқа дейінгі жария дауларды реттеу институты жалпы жария билік пен мемлекеттің құқықтық жүйесіне сенімділікті арттыруға септігін тигізетін, мемлекеттік органдар мен жеке және заңды тұлғалар арасында тиімді диалогты құруда үлкен рөл атқарады.

Алайда, сотқа дейінгі жария дауларды реттеу институты өзінің маңыздылығына қарамастан Қазақстан Республикасы заңнамасында қажетті сипат таппады. Атап айтқанда заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану рәсімін жетілдіру, жаңа ұғым ендіру қажет.

Мақалада жария құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды сотқа дейінгі реттеу институтының генезисі қысқаша қарастырылған, ұғымның теориялық талдауы жүргізілген, жария дауларды сотқа дейінгі реттеу институтының функциялары мен қасиеттері сипатталды.

Қазақстан Республикасы жүргізіп отырған әкімшілік реформаның шеңберінде, жария құқықтық қатынастардан туындайтын жария дауларды сотқа дейінгі реттеуге бақытталған заңнаманы жетілдіру, сонымен қатарсотқа дейінгі жария дауларды реттеу институтының мазмұнын кеңейту мақсатында, автор заңнамалық деңгейде оның ұғымын анықтап  Қазақстан Республикасы әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің жобасына кіргізуді ұсынады.

Жария құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды сотқа дейінгі реттеу ұғымын анықтау оның түрлі түсіндіру мен қолдану мүмкіндігін болдырмас еді.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.12.2018

##submission.howToCite##

Төлепбаева , А. С., & Макенов, . Т. К. (2018). ЖАРИЯ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАН ТУЫНДАЙТЫН ДАУЛАРДЫ СОТҚА ДЕЙІНГІ РЕТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 5(54). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/323