ЖАРИЯ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАН ТУЫНДАЙТЫН ДАУЛАРДЫ СОТҚА ДЕЙІНГІ РЕТТЕУДІҢ БАЛАМАЛЫ НЫСАНДАРЫ: ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ПАЙДАЛАНУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

Авторлар

  • Фатима Пулатқызы Досанова

Кілт сөздер:

дауларды шешудiң баламалық тәсілдері, жария құқықтық қатынастар, жария дау, дауларды сотқа дейін реттеу, дауларды соттан тыс реттеу

Аңдатпа

Жария дауларды баламалы тәсілдер көмегімен шешу мәселелерін шет елдердің мысалында зерделеу бірқатар мән-жайлармен негізделеді. Біріншіден, қазақстандық заңнамада қазірдің өзінде жеке-жария қатынастар бойынша медиацияны қолдану көзделген. Екіншіден, қазіргі уақытта жария қатынастар саласында жеке және жария мүдделердің қақтығысы орын алатын даулы жағдайлар жеткілікті. Үшіншіден, жария даулардың ең күрделі санаттағы істерге жатқызылуы жалғасуда, және олар сот тәжірибесінде алдыңғы позицияларды алуда. Бұл мақалада жария құқықтық қатынастар саласындағы дауларды қарастырудың отандық құқықтық базасын әзірлеу кезінде оларды мүмкіндігінше ескеру мақсатында, шет елдерде дәстүрлі қарастыру тәсілдеріне балама ретінде сәтті қолданылатын жария дауларды реттеудің баламалы нысандарының талдауы ұсынылған. Шет елдердегі жария дауларды реттеудің баламалы нысандарын зерттеу оларды құқықтық бекітудің түрлілігін, жүзеге асырудың түрлі нұсқаларын көрсетті. Жария дауларды баламалы тәсілдер көмегімен шешу сотқа дейінгі, сондай-ақ сот тәртібінде мамандандырылған сот органдарымен, сондай-ақ квазисоттық органдармен қолданылады. Дауды тараптардың делдалдар көмегінсіз шешуді көздейтін дау тараптарының тікелей келіссөздері және делдалдың болуын болжайтын және оның дау тараптарына ықпал етуді, оны реттеуді көздейтін делдалдың (делдалдық) көмегі арқылы жүргізілетін келіссөздер жария дауларды реттеудің баламалы нысандарының түрлілігі арасында кең таралған екі нысаны болып табылады. Жария құқықтық қатынастар саласында туындайтын дауларды сотқа дейінгі немесе соттан тыс реттеудің баламалы нысандары сот тәртібіндегі тиісті талқылаулар санын азайтуға, сот төрелігіне қол жеткізуді қамтамасыз ету бойынша қолданыстағы отандық заңнаманы одан әрі жаңғыртуға қабілетті.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.12.2018

##submission.howToCite##

Досанова, . Ф. П. . (2018). ЖАРИЯ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАН ТУЫНДАЙТЫН ДАУЛАРДЫ СОТҚА ДЕЙІНГІ РЕТТЕУДІҢ БАЛАМАЛЫ НЫСАНДАРЫ: ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ПАЙДАЛАНУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 5(54). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/325