ҚҰҚЫҚТЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ ЭМПИРИКАЛЫҚ ӘДІСТЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2021_64_1_108Кілт сөздер:
эмпирикалық құқықтық зерттеулер, әдістеме, бағалау, университеттер, корпоративті басқаруАңдатпа
Мақалада заң ғылымында эмпирикалық құқықтық зерттеу әдістерін қолдануға байланысты әдістемелік мәселелер қарастырылады. Эмпирикалық құқықтық зерттеу әдістерін қолданудың тиімділігін бағалау үшін халықаралық импакт-факторлы журналда жарияланған мақала таңдап алынды. Мақалада Австралияның мемлекеттік университеттеріндегі корпоративтік басқарудың ұйымдастырушылық және құқықтық мәселелері қарастырылған. Мақала Трэйсидің сапалы зерттеу әдістерінің критерийлері негізінде бағаланады.
Зерттеу нәтижесінде келесідей тұжырымдар жасалды: біріншіден, жаc ғалымдар үшін әдістеме негіздері мен зерттеу әдістерін бағалау критерийлерін түсіну маңызды екендігі көрсетілді; екіншіден, университеттегі корпоративті басқару мәселелерін зерттеуде эмпирикалық құқықтық зерттеу әдістері, яғни сапалы зерттеу стратегиясы ретінде негізделген теориялық көзқарас эмпирикалық тұрғыдан тиімді екендігі анықталды; үшіншіден, эмпирикалық құқықтық зерттеу әдістері арқылы зерттеуші халықаралық рецензияланған журналдарда мақалалар жариялау үшін қажет эмпирикалық деректерді жинап, талдай алатындығы көрсетілген.
Докторанттардың әдістемелік білімін жетілдіруге қатысты жұмысты жандандыру үшін эмпирикалық зерттеу әдістерін зерттеу тұрғысынан докторанттарға арналған оқу жоспарлары, тапсырмалары мен жазбаша емтихандарды қайта қарау ұсынылды. Жас зерттеушілер мақалаларды сыни тұрғыдан бағалау арқылы зерттеудің философиялық және теориялық негіздері, бағалау критерийлері және әдістемедегі өзекті мәселелер туралы іргелі білім ала алады.