ӘКІМШІЛІК СОТ ӨНДІРІСІНДЕГІ СОТТЫҢ РӨЛІ

Авторлар

  • Бағдат Қабылқадырұлы Нұрғазинов
  • Анджела Серікқызы Төлепбаева

Кілт сөздер:

әкімшілік сот, әкімшілік іс жүргізу, соттың белсенді рөлі, сот талқылауының шектер, әкімшілік дау

Аңдатпа

Қазақстан Республикасында Әкімшілік әділет институтын құру азаматтардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету үшін жариялық билік органдарының қызметтерінің сапасын арттыруға бағытталған заңды және негізделген шешімдер шығаруы маңызды болып табылады.

Бұл ретте тиімді әкімшілік әділет институтын құру үшін, ықпал ететін және оны толыққанды жүзеге асыратын қажетті пәрменді институттар мен тиісті органдар жүйесін құру қажет.

Әкімшілік іс жүргізу шеңберінде тараптардың бірі болып табылатын  биліктік құзірет берілген жариялық билік органдары, лауазымды тұлға мен екінші жақтағы жеке және заңды тұлға бастапқыда тең жағдайда болмайды. Осыған байланысты Әкімшілік процедуралық – іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі – АППК) жобасында, осындай теңсіздікті болдырмау мақсатында тараптарды тең мүмкіндіктермен қамтамасыз ететін және олардың теңгерімдігін ұстап тұруға бағытталған соттың белсенді рөлі қағидаты енгізіледі.

Бұдан басқа, автор соттың белсенді рөлі қағидаты бойынша соттың өкілеттіктерін, сондай-ақ ҚР ӘІЖК жобасына және шет мемлекеттердің әкімшілік-процессуалдық заңнамасына сәйкес сот ісін жүргізудің шегі шеңберінде өкілеттіктерді реттейтін ҚР ӘІЖК жобасының нормаларын талдады.

 

##submission.downloads##

Жарияланды

30.06.2019

##submission.howToCite##

Нұрғазинов, . Б. К., & Төлепбаева, . А. С. (2019). ӘКІМШІЛІК СОТ ӨНДІРІСІНДЕГІ СОТТЫҢ РӨЛІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 2(56). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/331

Журналдың саны

Бөлім

Конституциялық және әкімшілік құқық