ҒЫЛЫМИ САРАПТАМА ИНСТИТУТЫНЫҢ ЗАҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ РӨЛІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
Кілт сөздер:
заң шығармашылығы, ғылыми құқықтық сараптама, нормативтік құқықтық актілерінің ғылыми экономикалық сараптамасы, реттеушілік әсерді талдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамаАңдатпа
Мақалада заңнама мен заң шығармашылығы қызметінің тиімділігін арттыруда маңызды мағынаға ие ғылыми сараптама жүйесін дамыту проблемасына талдау жасалды. Еліміздің бағдарламалық құжаттарында орын алған құқық шығармашылығының сапасына қойылатын жоғары талаптарды ескере отырып, нормативтік құқықтық актілердің ғылыми сараптамасының сапасын арттыру жөніндегі шаралар тұжырымдалды, олардың қатарында мыналар бар: ғылыми сараптама жүргізудің әдіснамасына бірыңғай ұстанымды әзірлеп жасау, арнайы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды әзірлеу мен оны енгізу арқылы ғылыми сараптама жүргізу үшін ғылыми ұйымдарды іріктеу тетігін жетілдіру, заң жобаларының тұжырымдамасына міндетті ғылыми сараптама жүргізуді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманы енгізу қажеттілігі туралы мәселені қарастыра отырып, ғылыми сараптама объектілерін қайта қарап іріктеу және тағы да басқалар. Ғылыми экономикалық сараптама мен реттеушілік әсерді талдаудың рәсімін жетілдіру мәселесі бөлек қарастырылды.