ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ САЛАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕКТІ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ОЛҚЫЛЫҚТАРЫ МЕН ҚАЙШЫЛЫҚТАРЫ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2021_64_1_120Кілт сөздер:
еңбек қатынастары, дене шынықтыру, спорт, саралау, кәсіби спортшылар мен жаттықтырушылар, спорттық келісімшартАңдатпа
Аталған мақалада спорттық келісімшарттың құқықтық табиғатын және дене шынықтыру-спорт ұйымдарымен еңбек қатынастарының тараптары болып табылатын кәсіби спортшылар мен жаттықтырушылардың құқықтық мәртебесін зерттеу нәтижелері келтірілген.
Мақалада дене шынықтыру және спорт саласындағы еңбектің ерекшеліктерін арнайы құқықтық реттеу қажеттілігі негізделеді. Авторлар Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің, сондай-ақ спорт саласындағы еңбек қатынастарын реттейтін дербес нормалар белгіленген Франция, Италия, Испания, АҚШ мемлекеттерінің заңнамаларын қамтитын шетелдік тәжірибені қарастырады. Әлемдік тәжірибенің үздік үлгілеріне және спортшылар мен жаттықтырушылардың мүдделеріне негізделген дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметкерлер еңбегінің құқықтық режимін айқындаудың теориялық және практикалық маңызы жоғары бар.
Айқын артықшылықтарға және қолда бар шетелдік тәжірибеге қарамастан, Қазақстанның заңнамасында дене шынықтыру және спорт саласы қызметкерлерінің еңбегін саралау нормативтік бекітуді таппады. Еңбек заңнамасы да, «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заң да осы саладағы қызметкерлердің еңбегін реттеудің ерекшеліктерін қамтымайды, бұл құқықтық реттеудің басты олқылығы болып табылады.
Авторлар еңбек шартының барлық белгілерінің болуын негіздей отырып, спорттық қызмет туралы шарттың азаматтық-құқықтық сипатын қате бекіту бөлігінде Қазақстанның дене шынықтыру және спорт туралы заңнамасының олқылықтарын мен қайшылықтарын анықтады.
Қазақстан заңнамасын талдау нәтижесінде авторлар дене шынықтыру және спорт саласындағы жұмыскерлердің еңбегін саралауды белгілеу қажеттігі туралы қорытындыға келді, осыған байланысты ҚР Еңбек кодексіне және «Дене шынықтыру және спорт туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт саласындағы әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу туралы Салалық келісімді әзірлеу бойынша ұсынымдар әзірленді.