Отандық сот практикасында бірізділік талабының қолданылуына қысқаша шолу
Кілт сөздер:
заңды тұлға, сот практикасы, құрылтайшы, банкроттық рәсім, кредитор талабы, дара кәсіпкер, убсидиарлық жауаптылық, фирмалық атауАңдатпа
Қазақстан Республикасының қолданыстағы азаматтық процессуальдық заңнамасының талаптарына сәйкес егер, қабылданған қаулы соттардың құқық нормаларын түсіндіруіндегі және қолдануындағы бірізділікті бұзса, онда бұл заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негіз болып табылады. Бұл талапты заңи бекіту арқылы заң шығарушы сот практикасындағы бірізділіктің маңызды екендігін атап өтеді. Шындығында, сот практикасындағы жан-жақты талдау негізінде қалыптасқан бірізділік құқықықтық мемлекетті қалыптастыру ісіне қосылған қомақты салым болып табылады.
Мақалада автор, отандық сот практикасында қалыптасқан өзара қарама-қайшы ұстанымдарға оқырман назарын аударады. Атап айтқанда, қолданыстағы отандық банкроттық заңнамаға сәйкес кредиторлар талаптарының тізіліміне борышкер құрылтайшыларының (қатысушыларының) талаптары енгізілмейді. Дегенмен, аталған тыйымның қолданысына қатысты отандық сот практикасына жүргізілген талдау сот практикасының өзге бағытта дамып жатқандығын көрсетуде. Кредиторлар талаптарының тізіліміне борышкер құрылтайшыларының (қатысушыларының) талаптарын енгізуге жол беретін және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты деңгейінде құпталған құқықтық ұстанымдар кездеседі. Сонымен бірге, туындау негіздеріне қарай борышқор құрылтайшысының (қатысушысының) талаптарының өзі әралуан болуы мүмкін: еңбек қатынастарынан туындайтын талаптар; шарттық қтаынастардан туындайтын қатынастар және т.б. Бұл талаптардың әрбіріне қатысты өзара қайшы ұстанымдар қалыптасуда.
Мақалада автор, сонымен бірге банкроттық рәсіміндегі дара кәсіпкерді субсидиарлық жауаптылыққа тарту мүмкіндігіне қатысты сот практикасында қалыптасқан өзара қайшы ұстанымдарға да назар аударады. Сот практикасынан алынған бірқатар істердің негізінде автор, бұл сауалға да қатысты өзара қарама-қайшы екі ұстанымның қалыптасқандығы жайлы байлам жасайды. Қорытынды бөлігінде, автор фирмалық атауды қорғау туралы талаптарға қатысты талап қою мерзімін қолдану сауалына көңіл бөледі.