In rem мүлікті ықтимал тәркілеуді қамтамасыз ету үшін мүлікке тыйым салу
Кілт сөздер:
мүлікке тыйым салу, материалдық зиян, сыбайлас-жемқорлыққа қатысты қылмыс; «in rem» , мүлікті тәркілеу, мүлікті иелікке алудың заңдылығы, активтер иесінің кінәсіздік туралы презумпциясыАңдатпа
Мақалада қылмыстық және қылмыстық-процессуалдық заңнамаға, сыбайлас жемқорлыққа және басқа да қылмыстарға қатысты «in rem» мүлкін тәркілеу туралы нормалар жүйесін енгізу қажеттілігі негізделген.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының салдарынан туындаған мемлекетке елеулі залал, сыбайлас жемқорлықтың салдарын алдын-алудан бас назардытүсіріп, бұл мәселемен қазіргі заманға сай «in rem» мүлкін тәркілеу арқылы күресуге бас назар аудару қажеттілігін растайды.
Осы мақаланың мақсаты - қылмыстық жолмен алынған мүлікті пайдалануды шектеу немесе осыған ұқсас жолмен сатып алу туралы күдік туған жағдайда шектеу бойынша шаралар кешенін зерттеу болып табылады, сондай-ақсыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамнан немесе үшiншi тұлғалардан осындай мүлікті тәркілеудіңжәне сотқа дейінгі тәркілеуді жүргізудің теориялық және құқықтық негіздерін талдау, Қазақстан Республикасының қылмыстық және қылмыстық процестік заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу және туындаған мәселеге қатысты құқық қолдану практикасын енгізу.
Мақаланың пәні - соттың үкімінсіз мүліккетыйым салу және оны тәркілеу іс-әрекеттерін реттейтін қылмыстық-процестік заңнамасында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде бекітілген құқықтық нормалар табылады.
Зерттеудің әдіснамалық негізін- диалектикалық материализмнің ережелері, сонымен қатар талдау, синтез, қорыту, логикалық-теориялық, жүйелік-құрылымдық, формальды-заңды, салыстырмалы-құқықтық және басқа да әдістері секілді жалпы ғылыми және жеке ғылыми әдістер құрайды.
Белгісіз текті шыққан мүлікті тәркілеу кезінде отандық құқыққолданушыларға бұл мүліктің заңсыз шығуының презумпциясын басшылыққа алу керек, басқа сөзбен айтқанда мүлікті сатып алу заңдылығын дәлелдеу ауыртпалығы күдіктіге, жауапкерге, меншік иесіне немесе осы мүліктің заңды иесіне салынады.
Мақалада келтірілген қорытындылар негізінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің 113, 161, 163, 168, 390, 668 баптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсынымдар берілді.