ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ПРОЦЕСТІК ШЫҒАСЫЛАР: ҰҒЫМЫ МЕН БЕЛГІЛЕРІ
Кілт сөздер:
процестік шығындар, төлемдер, жұмсалған қаражаттар, шығыстар, құқық қорғау органдары, сараптама, бюджет, процеске қатысушыларАңдатпа
2018 жылы қоғамдық тәртіпті, қауіпсіздікті, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметін қамтамасыз етуге бюджеттен 639,99 млрд. теңге бөлінген. Бұл барлық мемлекетік шығындардың 8 %-ын құрайды. Оның айтарлықтай үлесі қылмыстарды тергеумен байланысты шығындардан тұрады. Алайда көрсетілген кезеңдегі сот белгілеген орнын толтыруға жататын процестік шығындар сомасы тек 0,6 %-ды құрады. Сотта аяқталған, сондай-ақ сотқа дейінгі сатыда қысқартылған қылмыстық істер бойынша, авторлар процестік шығындар өндіру тәжірибесін жинақтады. Осыған орай авторлар, процестік шығындар мазмұнын, белгілерін анықтау мақсатында, қазақстандық заңнама актілері нормаларына, процессуалист-ғалымдар пікірлеріне талдау жасады. Зерттеу нәтижесінде қылмыстық іс бойынша іс жүргізумен байланысты шығындардың барлығын заңшығарушы процестік шығындарға жатқызбайтындығы анықталды. Оған қоса Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде процестік шығындар ұғымы жоқ, тек түрлері ғана көрсетілген. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысында берілген «процестік шығындар» анықтамасы да елеулі пысықтауды қажет етеді. Біздің ойымызша, бұл анықтаманың жан-жақтылығына қарамастан, көрсетілген процестік институттың маңызды белгілерін қамтымаған. ТМД елдерінің заңнамаларында көзделген процестік шығындарды құқықтық регламенттеудегі кейбір айырмашылықтарды анықтауға жүргізілген салыстырмалы-құқықтық талдау ықпал етті. Зерттеу нәтижелері бойынша шығындар белгілерін нақтылау арқылы оның жаңа түрлері, олардың авторлық анықтамасы құрастырылып, сондай-ақ заңнама актілеріне өзгертулер мен толықтырулар ұсынылды. Құрастырылған тұжырымдарды заң шығармашылық қызметте, сондай-ақ қылмыстық процесс және криминология саласындағы ғылыми зерттеулерге қолдануға болады.