ШАРТ АЛДЫНДАҒЫ ҚАТЫНАСТАР

Авторлар

  • Майдан Күнтуарұлы Сүлейменов

Кілт сөздер:

шарт алдындағы қатынастар, шарт, келіссөз, алдын-ала жасалатын шарт, ниеттер туралы келісім

Аңдатпа

Ұсынылған мақалада келіссөздер дауларды баламалы шешу құқығының немесе жеке іс жүргізу құқығының институты ретінде қаралады. Шарт жасасу процесінде келіссөздер кезеңін бөліп шығару қажеттілігі көрсетіледі. Келіссөздердің екі түрі көрсетіледі – ерікті және міндетті. Автор culpa in contrahendo, ниеттер хаттамасы және алдын ала жасалатын шарт ұғымдардың ара қатынасын зерттеді. Өткізілген зерттеудің нәтижесінде келесі қортындылар жасалды.

Шарт алдындағы кезеңде тараптардың арасында пайда болатын қатынастар құқықтық емес қатынастарға жатады және басқа әлеуметтік нормалармен реттеледі, жекелеп көрсеткенде, мораль және құлықтылық нормалармен. Бұл қатынастарға құқықтық қорғау берілмейді. Бұл қатынастарға құқықтық қорғау беру үшін, оларды заңнамада немесе заңнамаға сәйкес келетін шартта құқықтық деп тану қажет.

Жосықсыз келіссөздер және culpa in contrahendо келіссөздер процесінің кезеңі ретінде заңда жосықсыз келіссөздер үшін жауапкершілік белгіленген жағдайда қаралуы мімкін.

Ниеттер хаттамасы (келісім, шарт) құқықтық емес құжатқа жатады және ешқандай заңды салдарды тартпайды, егер онда алдын ала жасалатын шарт күшіне ие болуы тікелей көрсетілмесе.

Алдын ала жасалатын шартты жасасу кезінде пайда болатын қатынастар, – ол таза түрінде құқықтық қатынастар. Алдын ала жасалатын шартты келесі ұғымдардан ажырату қажет: 1) ниеттер хаттамасынан: алдын-ала жасалатын шартты бұзу жағдайларына қарағанда оны бұзған жағдайда ешқандай салдарды тартпайды; 2) негізгі шарттан: оған қарағанда алдын-ала жасалатын шарттың жалғыз міндеті бар (негізгі шартты жасасу) және оған қарағанда алдын-ала жасалатын шартты бұзу тек онда көрсетілген көлеммен шектелген залалдарды өтеуді тартады.

 

##submission.downloads##

Жарияланды

30.09.2018

##submission.howToCite##

Сүлейменов, М. К. (2018). ШАРТ АЛДЫНДАҒЫ ҚАТЫНАСТАР. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 4(53). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/353

Журналдың саны

Бөлім

Азаматтық және азаматтық-процестік құқық