ТЕРМИНДЕРДІ ҚОЛДАНУ: ТИІМДІЛІГІ МЕН КЕЛЕҢСІЗДІКТЕРІ

Авторлар

  • Дүйсенкүл Мұхамбетжанқызы Шыңғысбаева
  • Назгүл Амантайқызы Хамзина

Кілт сөздер:

аударма, терминдер, ұлттық ұғым, контекст, ой дәлдігі, балама нұсқа, заң терминологиясы

Аңдатпа

 Қазіргі жаһандану дәуіріне қарыштап қадам басып келе жатқан кезеңде терминдерді дұрыс, өз орнында, бұлтартпай қолдана білу өте маңызды. Өйткені осындай үлкен жаһандану құбылысы кезінде өзімізді ұлт ретінде сақтап қалуда - тілдің, оның ішінде терминдердің де орны ерекше. Өйткені ғылым мен техника қарқындап дамыған сайын термин сөздерге деген сұраныс та арта түсуде. Терминдер негізінде арнайы ғылыми, техникалық, өндірістік т.б. салаларда пайдаланылады. Терминдердің өзіндік жеке қызметі бар. Олар арнайы заттарды белгілеуге және арнайы ұғымдарды дәл жеткізуге қолданылады. Оны басқа сөзбен жеткізу мүмкін емес.  Терминдердің ақпаратты барынша дәл және мейілінше нақты жеткізудегі орны айрықша.

Автор өз мақаласында терминдердің осы құндылықтарын ашуға, терминдердің өз тіліміздегі арнайы орны бар екендігін жеткізуге ізденіс жасаған. Сондай-ақ терминдерді тиімді, орынды аудару арқылы да қазақ тіліндегі терминдік сөз жасамды байытуға болатынын атап көрсете білген. Сонымен қатар тілімізде дұрыс аударылмай, өз орнында жұмсалмай, ұғымның дәл мәнін аша алмай жүрген кейбір терминдер туралы да ой қозғайды. Автор өз мақаласында сапалы, анық, дәл аударылған терминдер жасау үшін аудармашы өз тіліміздің тұнығынан сусындаған, тілді жақсы меңгерген, жан-жақты білімді, сауатты болуы тиіс, одан өзге шетелдік және орыс, қазақ болмысының реалийлерін де жақсы білуі тиістігін де атап көрсетеді.

Атап айтқанда, термин осы аталған мүдделерге сай болуы тиіс. Бұл мүдделердің өзі терминнің қоғамдағы орнына, атқаратын қызметіне карай анықталатынын және олар бір күннің, аз уақыттың сұранысымен шектеліп қалмай, келешекпен, рухани өсіп-өнумен, адами құндылықтардың артуымен байланыста қаралуы тиістігін автор осы мақалада дұрыс қарастыра білген.

 

##submission.downloads##

Жарияланды

30.06.2019

##submission.howToCite##

Шыңғысбаева, . Д. М., & Хамзина, Н. А. . (2019). ТЕРМИНДЕРДІ ҚОЛДАНУ: ТИІМДІЛІГІ МЕН КЕЛЕҢСІЗДІКТЕРІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 2(56). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/357

Журналдың саны

Бөлім

Мемлекеттік тілдегі заң шығармашылығы практикасынан