ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ НЕГІЗДЕЛГЕН КЕЙБІР ӘЛІПБИЛЕР ТУРАЛЫ

Авторлар

  • Айгүл Көбейсінқызы Махамбетова

Кілт сөздер:

латын тілі, латын тілі негізді әліпбилер, жаңа қазақ әліпби, тілдер тарихы, әріптер, төл әріптер

Аңдатпа

Мақалада латын тілі негізге алып жасалған кейбір әліпбилер, қолданыстағы әліпбилер бойынша тәжірибелер, кемшіліктері, артықшылықтары, өлшемшарттары, латын тілінің шығу тарихы, кейбір ерекше әріптерді салыстыра отырып, ортақ нұсқа ұсыну сияқты негізгі мәселелер қойылған.

Алдымен әлемдік практикада алдыңғы орындағы әрі қазіргі қарым-қатынас кеңістігінде басымдық көрсетіп тұрған, сондай-ақ көптеген елдің әліпбиінің негізін құрап отырған осы латын тілінің тарихына шолу жасалады.  

Зерттеу барысында латын тілінің жаратылыстану, медицина, фармацевтика, геология және басқа да ғылым салаларында кеңінен қолданылатыны, Еуропа елдерінің көпшілігінің латын графикасының түрлі нұсқаларын пайдаланылатыны анықталды.

Ерекшелігіне қарай латын тілінің әріптері «Тұрақты әріптер», «Тұрақсыз әріптер» және «Қосымша әріптер мен әріп тіркестері» деп бөлу арқылы топтастырылды, оларға жеке тоқталып, жасалу жолдары көрсетілді.

Мақалада көтерілген мәселелердің бірі кириллица негізінде жасалған әліпбиден латын тілі негізге алынған жаңа әліпбиге көшкен көршілес елдердің тәжірибелері барынша талданды. Түркия, Әзірбайжан және Өзбекстан елдеріндегі латын графикасына көшу бойынша тәжірибелері негізге алынды әрі нақты мысалдармен көрсетілді.  

Сонымен қатар Қазақстанда араб графикасы қолданылған кезең, кейінгі қысқа мерзімді «Жаңәліп» әліпбиі қолданылған латын графикасы кезеңі, қазіргі жаңа әліпбиге көшу кезеңі талданды.

 Осы кезеңдерде пайдаланылған әріп түрлерін, дыбысталуын, туындаған қиындықтарды салыстыру негізінде «ортақ жазу – ортақ ақпарат алмасу» қағидаты бойынша кейбір әріптердің оңтайлы нұсқалары ұсынылды.  

Латын негізді қазақ тілі әліпбиінің мінсіз әліпби болуына ат салысуға жұмылдыра отырып, «тіл мәртебесі – ел мәртебесі» деген ұстаныммен негізгі мәселелер қорытындыланды. 

 

 

##submission.downloads##

Жарияланды

30.06.2019

##submission.howToCite##

Махамбетова, А. К. (2019). ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ НЕГІЗДЕЛГЕН КЕЙБІР ӘЛІПБИЛЕР ТУРАЛЫ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 2(56). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/358

Журналдың саны

Бөлім

Мемлекеттік тілдегі заң шығармашылығы практикасынан