ПРЕЦЕДЕНТТІ ҚҰҚЫҚ ҚОЛДАНУ ЖҮЙЕСІНІҢ «ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ҚҰҚЫҒЫ»: ҮШ ДЕҢГЕЙЛІ РЕТТЕУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ ЖӘНЕ ҚЫТАЙ ТӘЖІРИБЕСІ

Авторлар

  • Ерлан Арманұлы Мұханбедиев

Кілт сөздер:

прецедент, сот прецеденті, прецедентті құқыққолдану, сот, сот шешімі, сот жүйесі, Еуразиялық Экономикалық Одақ соты, адам құқығы, адам құқығын қорғау, құқық ұлықтылығы, заңның үстемдік құруы, дауларды шешу, guiding cases, guiding cases system, China’s guiding cases system, China guiding cases project, CGCP, құқыққолдану

Аңдатпа

Мақаланың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы құқық жүйесі аясында үшдеңгейлі сот прецеденті тұжырымдамасының кейбір элементтерімен бірге прецедентті құқыққолдану жүйесінің қалыптасуы мен даму болашағын көрсету; ұлттықтан жоғары деңгейде прецедентті құқықтық ұстанымдарының қолданысын түсіндіру (1)  – Қазақстан Республикасы мүшелікке кірген Еуразиялық Экономикалық Одақ құқық тәртібі аясында, әрі (3) Қазақстан Республикасымен орнатылған «Астана» Халықаралық қаржы орталығының ерекше құқық тәртібі аясында, сонымен бірге зерттеліп отырған мәселелер бойынша Қытай Халық Республикасының жинақталған позитивті құқық тәжірибесін көрсету.  

Болашақта диссертациялық зерттеу аясында доктриналы деңгейде автор прецедентті құқыққолдану жүйесін әзірлеп, ұсынбақ. Прецедентті құқыққодану жүйесі сот жүйесіндегі соттар үшін ғана пайдалы болып, соттарға (сот процесіндегі басты құқыққолданушы) ғана арналмайды, сонымен қатар прокурорларға да (заңдардың біркелкі қолданылуын қадағалауды қамтамасыз етуші), кәсіби заңгерлік қоғамдастыққа да: даулардағы мүдделерді қорғаушы және уәкілеттік етуші адвокаттар мен заңгер-кеңесшілерге; құқықтанушы ғалымдардан құралған академиялық қоғамдастыққа; заңның үстемдік құруын, тұлға құқығын қорғауды, дауларды тиімді шешуді қамтамасыз етуге уәкілетті өзге де тұлғалар үшін және құқықтық доктринаны дамытуда пайдалы болмақ. 

Аталмыш мақала М. С. Нарикбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің «6D030200-Халықаралық құқық» доктарантура бағдарламасындағы оқу мен диссертациялық зерттеу аясында даярланған.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.06.2019

##submission.howToCite##

Мұханбедиев, . Е. А. (2019). ПРЕЦЕДЕНТТІ ҚҰҚЫҚ ҚОЛДАНУ ЖҮЙЕСІНІҢ «ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ҚҰҚЫҒЫ»: ҮШ ДЕҢГЕЙЛІ РЕТТЕУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ ЖӘНЕ ҚЫТАЙ ТӘЖІРИБЕСІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 2(56). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/361