ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚҰЖАТТАРДА ЖӘНЕ КЕЙБІР ШЕТ ЕЛДЕРДІҢ ЗАҢНАМАЛАРЫНДА ПАРАҚОРЛЫҚ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚТЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕГЛАМЕНТТЕЛУІ

Авторлар

  • Мөлдір Ерланқызы Төлеуова

Кілт сөздер:

парақорлық, пара алу және пара беру, парақорлыққа делдалдық, белсенді және пассивті парақорлық, лауазымды тұлға, шетелдік мемлекет

Аңдатпа

Мемлекеттік билікке қарсы ең қауіпті сыбайлас жемқорлық қылмыстарының өзегі болып табылатын және аса қауіпті қылмыстардың бірі парақорлық болып табылады. Парақорлық барлық елдерде кең таралған. Көптеген елдерде парақорлықтың таралуы мен жоғары кідірісі осы мемлекеттерге ұлттық қылмыстық құқықта жауапкершілікті реттеуге мәжбүр етеді. Мұндай қылмыстардың қаупі үкіметтің және басқарушылық құрылымдардың қалыпты қызметін бұзады, олардың беделін түсіреді, проблемаларды шешу қабілетіне ие адамдар санының көптігін жасайды, олар шенеуніктерге пара беру арқылы өз қалауына ие бола алады. Қазақстан дамуының қазіргі кезеңінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда белгілі бір оң нәтижелерге қол жеткізілді. Сонымен бірге, Қазақстанның сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексіндегі 124-ші позициясы қабылданған шаралар қажетті нәтиже көрсетпейтіндігін көрсетеді. Қазіргі таңда мемлкеттік басқарудың барлық салалары сыбайлас жемқорлыққа ұшылаулы: баланың бала бақшаға орналастырудан бастап әскерден борышын өтеуден босау үшін пара беруге дейін жоғарғы билік деңгейіне дейін. Сыбайлас жемқорлық қоғамның барлық сигменттерінің үйреншікті құрамдас бөлігі. Сондықтан, парақорлық үшін қылмыстық жауапкершілікті құрудағы шетелдік тәжірибені зерттеу өте маңызды және қажет. Парақорлықты теріс құбылыс ретінде тану және кейбір шет елдердің оң тәжірибесін енгізу, егер жойылмаса, сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетеді. Сонымен қатар, шет ел мемлекеттерінің парақорлыққа қарсы күрестегі заңшығармашылық және құқық қолдану тәжірибесі қандай қателіктерге жол бермеу керек екенін, әр жағдайларда қандай  сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар тиімді екенін көрсететді.

 

 

 

##submission.downloads##

Жарияланды

30.06.2019

##submission.howToCite##

Төлеуова , . М. Е. (2019). ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚҰЖАТТАРДА ЖӘНЕ КЕЙБІР ШЕТ ЕЛДЕРДІҢ ЗАҢНАМАЛАРЫНДА ПАРАҚОРЛЫҚ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚТЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕГЛАМЕНТТЕЛУІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 2(56). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/362