«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫН ЖАҢҒЫРТУ» АКАДЕМИК Ғ.С. САПАРҒАЛИЕВТІҢ ҒЫЛЫМИ МАҚАЛАСЫНА ҚАЙТА ОРАЛУ
Кілт сөздер:
академик Ғ.С. Сапарғалиев, Конституция, конституциялық реформа, басқару нысаны, билік бөлінісі, тежемелік және тепе-теңдік жүйесі, қазіргі таңдағы конституционализм, парламенттік бақылауАңдатпа
Аталған мақалада академик Ғ.С. Сапарғалиевтің 2007 жылғы конституциялық реформаға қатысты құқықтық көзқарастары ретроспективті позициялардан қарастырылады. Практика көрсеткендей, жұмыста атап көрсетілген идеялардың көпшілігі бүгінгі таңда да өзекті және заң ғылымы үшін бұрынғыдай аса құнды болып табылады.
Мақала авторы «Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды зерделеу негізінде сол уақыттағы позициялар мен талаптар жағынан оның негізгі ережелеріне жан-жақты түсініктеме беріп, Президент пен билік тармақтарының өзара әрекеттесу тетіктерін жетілдіру қажеттілігіне қатысты ұсыныстарын атап өтеді.
Өз жұмысында академик Ғ.С. Сапарғалиев Президент өкілеттіктерін қарастыруға, атқарушы билікке қатысты Парламенттің бақылау функцияларын кеңейту мәселелеріне, Қазақстан Республикасының парламенттік бақылау нысандарын, сайлау заңнамасын, партиялық жүйесін одан әрі жетілдіру қажеттілігіне ерекше назар аударған.
Қазақстан Республикасы Конституциясын жетілдіру президенттік-парламенттік басқару жүйесін қалыптастыру, қазақстандық қоғам және мемлекет өмірінің барлық салаларында терең өзгерістердің конституциялық негіздерін құру үшін қажет деген қорытынды негізделеді.