ҚОРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫНА ҚАТЫСТЫ КЕЙБІР ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2021_64_1_132Кілт сөздер:
жеке қор, корпоративтік қор, қоғамдық қор, мемлекеттік қор, әлеуметтік қор, қайырымдылық қор, мәдени қор, білім қоры, коммерциялық емес ұйымдардың құқықтық жағдайыАңдатпа
Өмір өзі көрсетіп отырғандай, бүгінде қор жай ғана коммерциялық емес ұйым болып қана табылмайды, ол -қоғам үшінөзінің аса тиімді құқықтық құрылым екендігін дәлелдеп, әрі аса маңызды әлеуметтік рөл атқаратындығын айқын аңғартты.Бірақ осыған қарамастан, өкінішке орай, қазіргі күнге дейін Қазақстанда қорлардың қызметін реттейтін заңнамалар негіздері жеткілікті дамымай, кенже қалып отыр деп айтқан болар едік.
Бұл мақалада коммерциялық емес ұйым ретінде қордың құқықтық жағдайының кейбір өзекті мәселелері қарастырылған. Айта кету керек, жалпы салыстырмалы тұрғыда коммерциялық заңды тұлғалармен салыстырғанда Қазақстанда коммерциялық емес ұйымдардың құқықтық жағдайы айтарлықтай аз зерттелген деп айтуға болады. Сондықтанда бұл тақырыпқа қатысты кез-келген құқықтық-теориялық мәселелер өзінің өзектілігімен бағалы деп айтуға негіз береді.
Бұл ғылыми зерттеудің пәні болып коммерциялық емес ұйым болып табылатын қордың құқықтық жағдайын айқындап, олардың қызметін реттейтін қолданыстағы Қазақстан Республикасының азаматтық заң нормалары табылады.
Қорлардың құқықтық жағдайын айқындайтын заңнамалар негіздерін саралай келіп, зерттеу барысында Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі мен «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» ҚР Заңының жекелеген ережелерінде орын алғанкейбір жетіспеушіліктерді жоюдың жолдарын ұсынады.
Сондай-ақ осы қорлардыңкоммерциялық емес ұйым ретінде құқықтық табиғатының ерекшеліктері, яғни қордың басқа заңды тұлғалардан басты айырмашылықтары туралы теориялық талдаулар жасалып, автордың осы осы тұрғыдағы жеке ұстанымдары мен теориялық көзқарастары қалыптастырылған. Сонымен бірге қордың құрылу мәселелері де қордың мүлкін «жарғылық қор» немесе «жарғылық капитал» деп танылуының терминологиялық әрі құқықтық аспектілері сараланған.