БЕЛАРУСЬ РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТИІМДІЛІК ҚҰҚЫҚТЫҚ САЯСАТТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ АЯСЫНДАҒЫ НОРМА ШЫҒАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУДІҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ
Кілт сөздер:
норма шығарушылық қызмет, адам құқығы, заң, заңнама мониторингі, реттеушілік ықпалының бағасы, құқықтық мемлекетАңдатпа
Зерттеу мәні - норма шығарушылық қызметті жоспарлау, болжау саласындағы және оны іске асырудың басқа кезеңдеріндегі қоғамдық қарым-қатынастар. Мақсаты - норма шығарушылық қызметі дамуының, Беларусь Республикасындатиімділік құқықтық саясатты қалыптастыру және іске асыруының басым бағыттарын белгілеу болып табылады. Мақалада Беларусь Республикасында құқықтық саясаттың дамуының қазіргі кезеңдегі тенденцияларына талдау жасалған: бұл әлемдік экономиканың жаһандану, бүкіләлемдік және өңірлік интеграциялық процестер жағдайында құқық жүйесінің, заңнама жүйесінің қалыптасуының жаңа критерийлерін іздестіру. Құқықтық дамудың басым бағыттарының бірі Беларусь Республикасы мүше болған халықаралық ұйымдар мен мемлекетаралық құрылымдар шеңберіндегі ұлттық заңнаманың басқа мемлекеттер заңнамасымен жақындасуы болып табылады. Сонымен бірге, автордың пікірінше, Еуразия экономикалық одағы шеңберінде қабылданған халықаралық міндеттемелерін іске асыруына назар аударылуға тиісті. Талдау нәтижесі норма шығарушылық қызметті стратегиялық және жедел түрде жоспарлау институтының одан әрі даму бағыттарын, нормативтік құқықтық актілер жобаларын жария талдауын, нормативтік құқықтық актінің қабылдау салдарын бағалауын, құқықтық мониторингін негіздеу болып табылады. Автор аталған мәселелердің шешуін Беларусь Республикасының Ұлттық заңнама және құқықтық зерттеулер орталығымен дайындалған «Беларусь Республикасының нормативтік құқықтық актілер туралы» Беларусь Республикасының жаңа Заң жобасымен байланыстырады. Ол қолданыстағы заң ережелерін жүйелеу және нормативтік құқықтық актілер жобаларын дайындау ережелері негізінде дайындалған болатын. Және де бұл жоба Беларусь Республикасы Ұлттық жиналысының Өкілдер палатасымен бірінші оқылымда қабылданған болған.