ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ДАМУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ЖАЛПЫ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ

Авторлар

  • Йорг Пуделька
  • Йенс Деппе

Кілт сөздер:

Орталық Азиядағы әкімшілік құқығы, әкімшілік рәсімдер туралы заң, әкімшілік акт, әкімшілік әділет

Аңдатпа

 

Осы мақала ақпараттық-талдау сипатында әзәрленген. Авторлар мақалада Орталық Азияда жалпы әкімшілік құқығының даму сатыларын қарастырған. Бұл мақала бірнеше бөлімге бөлінеді, әрбір бөлім Орталық Азия елдеріндегі әкімшілік рәсімдер туралы заңнаманың дамуының өзекті мәселелерін қарастыратын болады.

Мақаланың осы бөлімінде Орталық Азия елдеріндегі әкімшілік заңнамаға, атап айтқанда, әкімшілік рәсімдер туралы заңанамаға және әкімшілік-сот заңнамаға салыстырмалы-құқықтық талдау жүзеге асырылды. Орталық Азия елдері заңнамасының және құқық қолдану практикасының «тиісті мемлекеттік басқару» қағидатына сәйкес болуына қарай жіктелуінің түрлі өлшемшарттары айқындалған. Сондай-ақ, мақалада соттардың жариялы-құқықтық дауларды қарауы туралы статистикалық деректер көрсетілген.

Авторлар әкімшілік құқықтың тұрақты өзгерістерінің формальды реформалық қадамдармен (жаңа заңдар, жаңа институттар) ғана емес, сол сияқты шынайы өзгерістермен, инновациялармен, негіз қалаушы реформалармен және кәсіби құқық қорданушылар, сол сияқты халық санасының өзгеруімен байланыста болатыны туралы тезис ұсынады. Бұл ретте, шенеуніктерді, заңгерлер мен судьяларды оқыту және олардың біліктілігін арттыру қаншалықты маңызды болса, азаматтардың құқықтық санасы соншалықты маңызды болатыны атап өтілді. Жария құқықта да, сол сияқты жеке құқықта да: «Талап қоюшы жоқ жерде, жауапкер жоқ» деген қағидат бар.

Мақаланың келесі бөлімінде Орталық Азия елдеріндегі әкімшілік әділет реформаларының алғашқы қорытындылары, сонымен бірге әкімшілік құқық саласындағы қазіргі кезде жүргізілетін және болашақта жоспарланатын реформалардың құқықтық талдауы қарастырылады. Авторлар Орталық Азия елдеріндегі әкімшілік рәсімдер құқығын және әкімшілік іс-жүргізу құқығын дамытудың бералыстарына шолу жасаған.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.03.2017

##submission.howToCite##

Пуделька , Й., & Деппе , Й. . (2017). ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ДАМУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ЖАЛПЫ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 1(46). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/373

Журналдың саны

Бөлім

Конституциялық және әкімшілік құқық