ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЗАҢНАМА ТҰРҒЫСЫНАН ТӨРЕЛІК ТАЛҚЫЛАУҒА ЖӘНЕ ТӨРЕЛІК КЕЛІСІМГЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚҰҚЫҚТЫ ТАҢДАУ ПРОБЛЕМАСЫ
Кілт сөздер:
төрелік, коллизиялық құқық, қолданылатын құқық, төрелік келісім, төрелік тергеудің жүргізілетін орныАңдатпа
Бұл мақалада авторлар қазақстандық заңнама тұрғысынан алғанда төрелік тергеуге және төрелік келісімге қатысты қолданылатын құқықты таңдаудың қайшылық мәселесін қалыптастыруда. Авторлардың түсінуінше, ең алдымен төрелік тергеу мен төрелік келісімді қай елдердің құқықтық тәртібі реттеуі тиіс деген сауалға жауап беру қажет. Тек соған жауап бергеннен кейін ғана талқыланып отырған қатынастарға арнап қазақстандық заңнаманың, атап айтқанда, ҚР 2015 жылғы «Төрелік туралы» заңы мен Азаматтық-іс жүргізу кодексінің қай нормаларын қолдануға болатынын анықтауға болады. Мақалада қайшылықтық мәселелердің ықтимал шешімдері ұсынылған, сондай-ақ шешілген қақтығыстық (коллизиялық) мәселенің төрелік туралы қазақстандық заңнаманың сол не өзге нормасын төрелік соттан туындап отырған қатынастарға қолдану мүмкіндігін анықтауға қандай мүмкіндік беретіні туралы жеке мысалдар қарастырылуда.