ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҚАҒИДАЛАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

  • Рамазан Тұяқұлы Нұртаев

Кілт сөздер:

қылмыстық құқық, қағидалар, заңнама; заңдылық, азаматтардың заң алдындағы теңдігі, кінә, әділеттілі, ізгілік, жауаптылықтан құтылмаушылық, жазаны жеке-даралау

Аңдатпа

Мақалада еліміздің қылмыстық саясатын қалыптастырудың теориялық және тәжірибелік іргелі бастауларының бірі ретіндегі қылмыстық құқық қағидаларының сақталуының өзекті мәселелері қарастырылады. Ұлттық қылмыстық құқықтың жекелеген іргелі бастауларын қайта қараумен байланысты мәселелерді талдаудың белгілі бір болашағы бар, сонымен қатар заманауи жағдайларда қылмыстық құқық бұзушылықтармен күресудегі мемлекет тарапынан қолданылатын іс-қимылдарды белсендете түсу үшін қажетті өзгертулерді енгізу мақсатында тиімді жолдарды қалыптастыру бағытында жоғары ғылыми және тәжірибелік маңызға ие болады. Қазіргі уақытта көп жағдайда қылмыстылықтың жаңа түрлерімен, трансұлттық қылмыстылықты қоса алғандағы ұйымдасқан қылмыстылықтың белсенділігі мен ықпал ету аумақтарының арта түсуімен байланысты қылмыстылықтың сандық және сапалық көрсеткіштерінде елеулі өзгерістер орын алуы оны басты назарда ұстау қажеттілігін көрсететін объективті мән-жайға айналып отыр. Аталған мән-жайлар қылмыстық құқық және криминология ғылымдарында жаңа, әсіресе іргелі түсініктердің мазмұнын ашуды көздейтін негізгі бағыттардың жаңа қадамдар мен шешімдерді айқындау қажеттілігін көрсетуде. Қылмыстық құқықтың іргелі ережелерінің бірі болып еліміздің қылмыстық заңнамасында, өкінішке орай әлі күнге дейін көрініс таппай отырған оның қағидаларының кешені саналады. Құқық доктринасы аясында қағидалар жүйесі құқық нормаларын қолданудың теориясы және тәжірибесінің құрылымында дербес жүйе ретінде орын алған дәстүрлі тұрақты құқықтық догмалар кешені құрамында қарастырылады. Айталық, құқық теориясында қағидалар құқық мазмұнын, сондай-ақ оның мақсатын, мәні мен қоғам үшін маңыздылығын көрсететін факторлар ретінде бастаушы идеялар дәрежесіне көтеру жолымен зерттеледі. Қылмыстық құқық қағидаларын жүзеге асырумен байланысты қарым-қатынастардың жеткілікті дәрежеде реттелмеуі біздің Республикамызда қылмыстық құқық бұзушылықтармен күресу шараларын ұйымдастырудың теориясы мен тәжірибесінде көптеген қиындықтар туындатады. Аталған мән-жайлар Қазақстан Республикасы қылмыстық заңнамасында қылмыстық құқық қағидаларын ресми түрде бекітуге бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігіне жетелейді.    

##submission.downloads##

Жарияланды

30.03.2017

##submission.howToCite##

Нұртаев, . Р. Т. (2017). ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҚАҒИДАЛАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 1(46). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/379

Журналдың саны

Бөлім

Қылмыстық құқық және қылмыстық процесс