ҒЫЛЫМИ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ САРАПТАМА: САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ
Кілт сөздер:
заң жобасы, халықаралық шарт, жобасы, лингвистикалық сараптама, лингвистикалық сараптамаАңдатпа
Қазақстан Республикасында заң жобалары мен халықаралық шарттар жобаларын әзірлейтін мемлекеттік органдар оларды ресми тіл ретінде қолданылатын орыс тілінде әзірлейді де, кейіннен оны мемлекеттік тілге аудару жұмысын жүргізеді. Заң жобасы немесе халықаралық шарт жобасының орыс тіліндегі мәтіні мүдделі органдармен бірге жан-жақты қаралады, пысықталады, қажет болған жағдайда оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Содан кейін ғана заң жобасын не халықаралық шарт жобасын қазақ тіліне аудару мәселесі туындайды. Әдетте, орыс тілінде әзірленген заң жобасын қазақ тіліне аударуға бірнеше күн беріледі де, аудармашылардың мәтінді аударып, кейіннен тағы бір қарап, пысықтап шығуына уақыт жетпейді. Оның үстіне, кейде заң жобасының мәтінін қазақ тіліне аудару жұмысының барысына заң жобасы реттейтін қоғамдық қатынас саласының өзіндік ерекшеліктерін жақсы түсінетін, білетін аудармашының не екі тілді жақсы меңгерген заңгердің араласуына тура келеді. Әйтпесе заң жобасында баяндалған құқықтық норманың бұрмаланып аударылуы ғажап емес.
Осыған орай жүргізілетін ғылыми сараптамалар қатарына ғылыми лингвистикалық сараптаманы қосу олардың қазақ тіліндегі мәтінінің редакциясын сапасын жақсарту мақсатында енгізілгені айқын.
Заң жобалары мен халықаралық шарттар жобаларына жүргізілетін ғылыми лингвистикалық сараптаманың құқықтық негізінің айқындалуы оның басқа ғылыми сараптамалармен қатар жүргізілуі міндетті екенін назарға алу қажет.
Мақалада елімізде және көршілес жатқан Ресей Федерациясында заң жобаларына жүргізілетін ғылыми лингвистикалық сараптама мақсаты мен тәртібі, шарттары мен ерекшеліктері, сондай-ақ екі ел арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар атап көрсетіледі.
Одан басқа заң жобасының қазақ тіліндегі мәтініне ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу барысында айқындалған, мақалада көрсетілген кемшіліктер әзірлеуші мемлекеттік органдардың, келешекте заң жобасының қазақ тіліндегі аудармасын қамтамасыз ететін қызметкерлердің оларға назар аударуы үшін мысал ретінде берілген.
Мақала заң жобасының мемлекеттік тілдегі мәтінінің редакциясы сапасын жақсартуға өз үлесін қосады.