THE URGENT PROBLEMS CONNECTED WITH THE TRANSLATION OF THE TEXT OF ACTS TO THE STATE LANGUAGE
Кілт сөздер:
: мемлекеттік тіл, заңнамалық акт, заң техникасы, заңдық термин, заңнамалық актінің мәтініАңдатпа
. Заңнамалық актілердің мәтінін мемлекеттік тілге аудару сапасына қатысты заң техникасымен байланысты мәселелер мақала тақырыбының өзектілігі болып табылады. Мақалада бүгінгі күні қазақстандық заңнамада нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін қазақ тіліне аударумен байланысты мәселелер әлі де шешімін таппай отырғаны туралы атап көрсетіледі. Кәсіби қызметін жүзеге асыру барысында заңгерлер әрқашан құқық нормаларын және заң терминологиясын қазақ тіліне дұрыс емес аударумен байланысты қателіктерді жиі кездестіріп отырады, мәселен, мәтін тікелей аударылады, соның салдарынан заңдық терминдердің мағынасы өзгереді, жалпыға танымал заңдық терминдер бірнеше түрлі нұсқасында аударылады. Бұндай мәселелер құқық нормаларын теріс түсінуге және теріс түсіндіру беруге әкеледі. Ал құқық теороиясы бойынша заң техникасының қажетті шарты болып терминологияның біртектілігінің сақталуы, бір ұғымға қатысты бірнеше терминді пайдалануға жол бермеу танылады.
Зерттеудің мақсаты заң техникасының теоретикалық ережелеріне және азаматтық заңнаманың мемлекеттік тілдегі мәтіндеріне талдау жүргізу негізінде құқық нормаларының аудармаларындағы қателіктерін айқындау, қазақ тіліне заңнамалық актілердің мәтіндерін сапасыз аудару мәселелері бойынша жалпы қорытындылау, соның негізінде мемлекеттік тілде заңнамалық актілерді әзірлеу бойынша заң техникасын жетілдіру жөнінде қорытындылар жасау.
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінің мемлекеттік тілдегі мәтіндеріне, теоретикалық көзқарастар мен автордың атап өткен ескертпелеріне жалпылама талдау жүргізу нәтижесінде құқық нормаларының қазақ тіліндегі дұрыс аудармаларының нұсқалары ұсынылады және нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін қазақ тіліне аударудың заң техникасын жетілдіру жолдары ұсынылады. Мұндай маңызды мәселені шешу қазіргі қазақстандық қоғамның құқықтық мәдениетін жоғарылатуға септігін тигізері анық.