2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САЯСАТЫ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖАРЫҒЫНДА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ДАМУЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2022_68_1_22Кілт сөздер:
Конституция, тұжырымдама, конституциялық бақылау, құқықтық саясат, парламенттік бақылау, сайлау жүйесі, жергілікті өзін-өзі басқару, қоғамдық бақылауАңдатпа
Мақалада қабылданған Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі Құқықтық саясатының тұжырымдамасы негізінде жаңа онжылдықта конституциялық құқықты дамытудың негізгі бағыттары қарастырылған. Осыған байланысты құқықтық саясатқа авторлық анықтамасы берілген.
Мақала ішінде конституциялық бақылау тетіктерін жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, Конституция оның ережелерінің үстемдігін қамтамасыз етудің неғұрлым сенімді және тиімді тетігін жасауды қажет етеді. Конституциялық Кеңес өкiлеттiгiнiң шектелуiне және шағымдана алушы субъектiлерiнiң тар шеңберiне байланысты конституциялық идеялардың, нормалар мен қағидаларының толыққанды сақтаушысы бола алмайды. Конституциялық құрылымды, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың, Конституция нормаларының гуманистік әлеуетін іске асырудың аса маңызды құралы ретінде бұл институттың қызмет етуінің құқықтық негіздерін жетілдіру қажеттілігі туындағандығы атап өтіледі.
Қоғамдық бақылаудың заңнамалық базасын жетілдіру мәселелерін қарау кезінде коммерциялық емес ұйымдар мен саяси партиялардың мақсаттарын реттейтін заңнамадағы бар қарама-қайшылықтар, «Қоғамдық бақылау туралы» Заң жобасында қоғамдық бақылаудың мақсаттары, субъектілері, олардың құқықтары, оны жүзеге асыру негіздері жайлы сұрақтардың толық реттелмегендігі туралы мәселелер көтеріледі. Соның негізінде нақты ұсыныстар жасалды.
Адам құқықтарының сақталуын бағалаудың ұлттық көрсеткіштерін әзірлеу кезінде халықаралық құқық нормаларына, халықаралық ұйымдардың ұсынымдарына сүйене отырып, құқық қорғау ұйымдарынан және басқа да көздерден алынған ақпаратты пайдалану қажеттілігі ерекше атап өтіледі.
Мақалада 2025 жылға дейінгі Жергілікті өзін-өзі басқарудың жаңа тұжырымдамасының қабылдануына байланысты бұл институттың Қазақстандағы дамуы қарастырылған. Авторлармен жергілікті өзін-өзі басқарудың төменгі деңгейін аумақтық басқарудың басқа деңгейлерінен бөлу және жеке заң әзірлеу мәселесіне күмән келтіріледі. Осының негізінде осы саладағы заңнаманы жетілдіруге басқаша көзқарас ұсынылып отыр.