ЗАҢ ШЫҒАРУ САПАСЫ МӘСЕЛЕСІНЕ
Кілт сөздер:
термин, терминология, аударма, ресми тіл, атқарушы орган, стиль, лингвистикаАңдатпа
Әр саланың өз құрылымы, даму үдерісі, жаңалығы болатыны белгілі. Филология ғылымының да, оның ішінде тіл саласының әрдайым белгілі бір проблемасы, айтар ойы, тың идеясы мен жаңашылдығы бар сала.
Мақала ұлттық заңнама сапасына, мемлекеттік тілдегі нормативтік құқықтық актілердің әзірлену мәселесіне, термин қорының қалыптасуына арналған. Ұлттық заңнама терминдері деп заңнама саласында қолданылатын терминдер түсініледі. Осы міндеттерді іске асырудың бір бағыты ретінде заң шығару процесі ұлттық заңнаманы қалыптастырудың басты құралы болып табылады.
Аударма саласына ерекше көңіл бөліп, терминдер мен сөздерді бірізділікке келтіру мәселесі Тәуелсіздік алған жылдардан бастап қолға алынды. Ұлттық заңнама сапасы қазақ тілінің даму, өркендеу сапасымен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясының 7-бабында: «Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады», – деп көрсетілген, яғни орыс және қазақ тілдеріндегі құжаттардың теңтүпнұсқалылығының сапасы қамтамасыз етілуге тиіс.
Мақалада заңнамадағы терминдердің қолданылуы, аударма мәселесі, қазақ және орыс тілдеріндегі заң мәтіндерінде заң техникасының ерекшеліктері, қазақ тілінде заңдар әзірлеудің алғышарттары баяндалған. Заң мен халықаралық шарт жобаларын әзірлеудегі терминдер мен сөздердің бірізділігі, әсіресе шет тілінен енген терминдердің дұрыс аударылу мәселелері де сөз болады. Заң және халықаралық шарт жобаларында кездесетін кемшіліктер мен олқылықтардың мысалдары көрсетілген.