ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СОТ ҚАРАУЫН КЕҢЕЙТУ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕГЕ СОТ ПРЕЦЕДЕНТІМЕН АРАҚАТЫНАС ТҰРҒЫСЫНАН ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ КӨЗҚАРАС

Авторлар

  • Венера Төлеутайқызы Қоныс
  • Майгүл Нестайқызы Абилова

Кілт сөздер:

сот шешіміне қалдыру, прецедент, сот шешімі, соттың нормалар шығаруы, ағылшын құқығы

Аңдатпа

Бұл мақалада авторлар сот прецедентін ұлттық құқық жүйесіне енгізу мүмкіндігі мәселесін Қазақстанда қалыптасқан сот шешіміне қалдыру тұжырымдамасы мен сот прецедентінің ағылшын құқығындағы маңызы тұрғысынан қарастырады.

Авторлар келесі мәселелерді:

- сот шешіміне қалдыруды және оның Қазақстанның заңнамасына сәйкес түрлерін;

- ағылшын құқығындағы сот прецеденті тұжырымдамасы мен оның түрлерін;

- прецедентті ағылшын құқығынан тыс қолдануды рет-ретімен қарастыру арқылы талдау жасайды.

Құқықтық дәстүрлер мен заңнамамен реттелуді ескере отырып, авторлар заң аналогиясы мен құқық аналогиясын қолдану, заңнамада бекітілген бағалау ұғымдарын құқықтық саралау, субъективті құқықтар мен міндеттерді нақтылау, соттың нормалар шығаруы секілді сот шешіміне қалдырудың түрлерін анықтап, оларға талдау жүргізеді.

Соттың нормалар шығаруының проблемалық қырларына, оның ішінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының нормативтік қаулыларын дайындау және қабылдау тәжірибесіне баса назар аударылған.

Сонымен қатар, сот шешімдерін прецедент ретінде тану негіздері мен прецеденттен бас тарту негіздері де қарастырылған.

Зерттеу қимасын тағайындау үшін, қоғамдық қатынастардың нақты саласымен шектеле отырып, азаматтық-құқықтық дауларды шешудің жағдайы мен келешегіне басты назар аударылғанын айта кеткен жөн. Бұндай тәсілді таңдау қылмыстық заңды аналогия бойынша қолдануға жол берілмейтіндігімен де түсіндіруге болады. 

Қолданыстағы заңнама мен шетел тәжірибесіне талдау жасай келе, авторлар Қазақстанда қалыптасқан құқықтық институттар шеңберінде, сот прецедентін пайдаланбай-ақ, сот шешіміне қалдыру аясын кеңейту мүмкіндігі бар екені туралы қорытындыға келеді.

Зерттеу барысында алынған нәтижелер сот шешіміне қалдыру аясын кеңейту тәсілдерін қалыптастыру кезінде заң шығару жұмысында пайдаланылуы мүмкін.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.09.2018

##submission.howToCite##

Қоныс, . В. Т., & Абилова , М. Н. (2018). ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СОТ ҚАРАУЫН КЕҢЕЙТУ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕГЕ СОТ ПРЕЦЕДЕНТІМЕН АРАҚАТЫНАС ТҰРҒЫСЫНАН ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ КӨЗҚАРАС. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 4(53). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/389

Журналдың саны

Бөлім

Азаматтық және азаматтық-процестік құқық