ТАТУЛАСУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУ ЖӘНЕ ПРОЦЕСТІК ШЫҒЫНДАРДЫ ӨНДІРІП АЛУ: ЖАЙ-КҮЙІ МЕН ПРОБЛЕМАЛАРЫ

Авторлар

  • Айнагуль Тукеновна Карипова
  • Ербол Ағыбайұлы Омаров
  • Бакыт Жаналыкович Шоткин

Кілт сөздер:

қылмыстық құқық бұзушылықтар, қайталама қылмыс, қылмыстық жауаптылықтан босату, ақталмаған негізде қысқарту, процестік шығындар, зиянның орнын толтыру

Аңдатпа

Мақалада татуласуға байланысты тұлғаларды қылмыстық жауаптылықтан босатудың құқықтық негіздері және жағдайы мен динамикасы қарастырылған. Авторлар татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатудың ағымдағы жағдайына талдау жүргізіп, алдағы уақытта қарастырып отырған саладағы Қазақстан Республикасы заңнамасын жетілдіруге әрекет жасады. Соңғы 6 жыл ішінде Қазақстан Республикасында жасалған қылмыстық құқықбұзушылықтардың статистикалық мәліметтері авторларға татуласуға байланысты тоқтатылған қылмыстық істердің арту үрдісін байқауға мүмкіндік берді. Сонымен бірге аталған кезең ішінде қылмыстық құқықбұзушылықтарды қайталап жасаған тұлғалар үлесі 3 есе арта түскен. Формальды-заңды талдау жүргізу нәтижесінде авторлар қайталап жасалатын қылмыстылықтың болжалды өсу себептерін анықтады, оның бірі – Қазақстан Республикасының заңнамасында қылмыстарды екінші рет жасаған тұлғаларды бірнеше рет қылмыстық жауаптылықтан босатудың құқықтық негіздері болып табылады. Осыған байланысты, заңнамаға өзгерістер енгізу туралы және тұлғаларды қылмыстық жауаптылықтан босату функциясын сотқа беру туралы ұсыныстар тұжырымдалды. Авторлар мемлекетпен ақталмаған негіздерге сәйкес тоқтатылған істер бойынша процестік шығындардың орнын толтыру жөніндегі шаралар тиісінше жүргізілмейтінін белгіледі. Көп жағдайда ақталмаған негізде қылмыстық істер қысқартылған жағдайда процестік шығындарды өндіру туралы мәселелер қарастырылмаған. «Әділсоттылықты қалыпқа келтірудің» классикалық үлгісінің бір элементі ретінде татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату және қылмыстық қудалауды тоқтату кезінде зиян мен материалдық залалдың орнын толтыру мәселелерін өзектілендіруге үлкен назар аударады. Алынған нәтижелер алдағы уақытта жүргізілетін ғылыми зерттеулердің, заңшығармашылық қызметтің және құқық қорғау мен сот органдарының тәжірибелік қызметінің негізі болуы мүмкін.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.09.2018

##submission.howToCite##

Карипова, . А. Т., Омаров , . Е. А., & Шоткин, . Б. Ж. . (2018). ТАТУЛАСУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУ ЖӘНЕ ПРОЦЕСТІК ШЫҒЫНДАРДЫ ӨНДІРІП АЛУ: ЖАЙ-КҮЙІ МЕН ПРОБЛЕМАЛАРЫ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 4(53). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/398

Журналдың саны

Бөлім

Қылмыстық құқық және қылмыстық процесс