АҒЫЛШЫН ҚҰҚЫҒЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ЕУРОПАЛЫҚ ЖЕКЕ ҚҰҚЫҚТЫҢ МОДЕЛЬДІК ҚАҒИДАЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫ БОЙЫНША ШАРТТЫ БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ

Авторлар

  • Елена Викторовна Нестерова

Кілт сөздер:

азаматтық заңнама, жеке құқық, дәлелденбеген шығын, келісім шарт жауапкершілігі, шығын, дерексіз шығын

Аңдатпа

 

 Аталған мақала ағылшын құқығындағы міндеттемелерді бұзғаны үшін жауапкершілік мәселелерін регламенттеуге қатысты қалыптасқан амалдарды зерттеуге арналған. Сонымен бірге автормен келісім шарттардың бұзылғандығы үшін шығындарды (тұрақсыздық) өндіріп алу тәртібі туралы Еуропалық жеке құқықтың Модельдік ережелерінің (DCFR) нормаларын қарастырған. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік туралы Шетелдік құқықтық институттар мен ҚР азаматтық кодекс нормаларына салыстырмалы-құқықтық талдаулар жүргізілген.

Мақаланың мазмұнында міндеттемелік құқықтағы жауапкершілік режим туралы DCFR ережелері мен ағылшын құқығындағы қағидалар кезең-кезеңімен баяндалған. Жүргізілген зерттеудің негізінде қазақстандық заңнаманы жетілдіруге бағытталған ұсыныстар қалыптастырылған.

Мақаланың тақырыбы ағылшын құқығының ережелеріне бағдарланған азаматтық заңнаманы жетілдіру саласында бірқатар құқықтық реформаларды жүзеге асыратын Қазақстан үшін өте маңызды болып табылады. Қазіргі кезде Қазақстанда қазақстандық цивилистикалық доктринаның жетістіктері мен  ағылшын құқығынан құқық қолданушылық практикасының қажеттілік призмасы арқылы сәйкес мүмкіндіктерге негізделген отандық заңнамаға имплементациялануы мүмкін азаматтық-құқықтық идеяларды және құрастырылымдарды анықтауға бағытталған заңды зерттеулер жүргізілуде.  Осыған орай, мақала аясында автормен зерттелген келісім шарт жауапкершілігі туралы қазақстандық заңнаманың ережелері мен ағылшындық амалдарды имплементациялау мүмкіндігіне қатысты ұсыныстардың қалыптастырылуы уақтылы болып саналады. 

Мақалада «дерексіз шығын» және «дәлелденбеген шығын» категориялары талданған, «әдейі бағаланған шығын» құрастырылымының түсіндірілуі туралы, сондай-ақ, міндеттемені бұзғаны үшін келісім шартта келісілген төлемдерді төмендету сот құқығына жан-жақты сипат беру туралы ұсыныстар көрсетілген.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.06.2017

##submission.howToCite##

Нестерова, . Е. В. (2017). АҒЫЛШЫН ҚҰҚЫҒЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ЕУРОПАЛЫҚ ЖЕКЕ ҚҰҚЫҚТЫҢ МОДЕЛЬДІК ҚАҒИДАЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫ БОЙЫНША ШАРТТЫ БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 2(47). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/400

Журналдың саны

Бөлім

Азаматтық және азаматтық-процестік құқық