О НЕКОТОРЫХ ПРОБЛЕМАХ ИМПЛЕМЕНТАЦИИ НОРМ РАТИФИЦИРОВАННЫХ МЕЖДУНАРОДНЫХ ДОГОВОРОВ О ПРАВЕ ДЕТЕЙ-ИММИГРАНТОВ НА РЕГИСТРАЦИЮ РОЖДЕНИЯ И ИМЯ В НАЦИОНАЛЬНОЕ ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВО РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
Кілт сөздер:
тууды тіркеу, аты-жөнге деген құқық, туу туралы куәлік, азаматтық, көші-қон, балаларАңдатпа
Республикасының xалықаралық міндеттемелеріне сәйкестігін талдау нәтижелері бойынша дайындалған. Авторлар пәндік талдау жүргізу мақсатында иммигрант-балаларға қатысты әр баланың өз аты-жөніне және тууының тіркелуіне құқығына кепіл беретін Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 24-бабының 2 және 3-тармақтарының жүзеге асырылуының толықтығына талдау жасады.
Мақалада иммигрант-балалардың тууы мен аты-жөнінің тіркелу құқығын қамтамасыз ету саласындағы негізгі стандарттарды анықтайтын халықаралық құжаттарға шолу жасалып, сондай-ақ халықаралық стандарттарды жүзеге асыру пәні бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына талдау жасалды.
Ұлттық заңнаманы талдай келе, авторлар ҚР заңнамалық актілері ратификацияланған xалықаралық шарттардың нормаларымен дәлме-дәл келтіреді деген қорытындыға келді. Алайда, халықаралық стандарттардың тиісінше жүзеге асырылуына негізгі кедергі болып заңға тәуелдi актілердегі шектейтін нормалар табылады.
Заңға тәуелді актілер өзінің құқықтық табиғатына қарай құқық пен міндеттерді жүзеге асыруда қандай да болсын шектеулер қоя алмайтындығын назарға ала отырып, авторлар оларды заңнамалық актілер мен халықаралық актілердің нормаларымен сәйкестендіру қажеттілігін көрсетеді.
Сонымен қатар, мақалада «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидаларына» және «Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарына» тиісті өзгертулердің енгізуі ұсынылады.