«АДАЛДЫҚ» ЖӘНЕ «ЭСТОППЕЛЬ» ҰҒЫМДАРЫНЫҢ АРАҚАТЫНАСЫ
Кілт сөздер:
адалдық; эстоппель; ұғым; ағылшын құқық; құқық жүйесі; уәде; құқық ой; имплементация; сот; әділет., адалдық, эстоппель, ұғым, ағылшын құқық, құқық жүйесі, уәде, құқық ой, имплементация, сот, әділетАңдатпа
Осы мақала ағылшын құқығы ережелерін имплементациялау негізінде Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасын жетілдіру бойынша жұмыстың шеңберінде дайындалды. Қазақстанда ұлттық заңнамаға ағылшын құқығы ережелерін имплементациялау мәселелері 2015, 2016 жылдары өткен ғылыми-практикалық тәжірибелік конференцияларда талқыланған.
Қазақстан азаматтық заңнамасында азаматтық заңнаманың қағидаты, бағалау санаты, презумпция ретінде болатын адалдық санаты көрініс тапқан.
Ғалымдардың бір бөлігі адалдық Қазақстанның Азаматтық кодексінде қағидат ретінде бекітілмеген, бұл оны практикада қолдануды қиындатады деп есептейді. Басқалары нормативтік бекітудің болмауы адалдық қағидатының болуын, оны қолдану мүмкіндігін жоққа шығармайды деп пайымдайды.
Сонымен бірге жүргізіліп отырған жұмыстың шеңберінде азаматтық заңнамаға ағылшын құқығының бірқатар элементтерін қосу көзделген, оның бірі эстоппель болып табылады.
Адалдақ қағидаттары және эстоппель алға қойған мақсаттары мен шешетін міндеттері бойынша ұқсас.
Мақалада адалдақ қағидаты мен эстоппель доктринасының арақатынасын анықтауды, Қазақстанның Азаматтық кодексіне эстоппельді қосу мүмкіндігін бағалау мақсаты қойылады. Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін диалектика, талдау, салыстыру, синтез, шолу және формальды-заңдық әдістеме қолданылады.
Мынадай: 1) адалдақ қағидаты; 2) эстоппель қағидаты; 3) заңдық тұрғыда ойлау проблемаларына көңіл бөлінеді. Аталған талдаудың және басқа да проблемалардың негізінде бірқатар ұсынымдар әзірленді.
Осы мақалада алынған зерттеулер нәтижелері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасын жетілдіру бойынша заң шығармашылығы жұмысында пайдаланылуы мүмкін.