ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТІК КОДЕКСІНДЕГІ КУӘГЕР
Кілт сөздер:
қылмыстық процеске куәгердің қатысуын заңды түрде бекіту, енгізу, куәгердің, куәгердің жауаптылығы, куәгер; куәгердің құқығы мен міндеттері, тергеу әрекетін жүргізу, куәгердің қатысуымен тергеулік әрекет, қылмыстық процеске куәгердің қатысуыАңдатпа
Мақала Қазақстан Республикасының заңнамасына Украина қылмыстық-процестік заңнамасының жекелеген ережелерін енгізу тұрғысында Қазақстан Республикасының қылмыстық процесінде куәгердің қатысу ерекшеліктеріне арналған
Мақалада қылмыстық процесте куәгердiң қатысуымен ұсынылатын нормалардың айқын жетілмегеніне назар аударылған. Атап айтқанда, мақалада Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің «Куәгер» 82-бабының жұмыс істеуінің проблемалық мәселелері қарастырылады. Автор жұмыста аталған баптың мазмұнынан туындайтын қылмыстық процестің логикасындағы сәйкессіздік мәселелерін, куәгердің функцияларын орындауды қиындататын әртүрлі дәлсіздіктерді атап өтеді. Куәгер ретінде қатысуға еріктілік құқығын сақтау логикасына ерекше көңіл бөлінген. Зерттеудің нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі «Куәгер» 82-бабының авторлық құрылымы ұсынылды. Сонымен қатар автор Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі 82-бабының басқа дербес жағдайларының қызмет етуіне, жекелей алғанда заң техникасы мәселелеріне қатысты проблема көтереді. Автор берілген ұсынымдар қылмыстық-процестік заңнаманы жетілтіруде ғана қолданылып қоймай, азаматтардың құқықтық мәдениеті мен құқықтық сана-сезімін қалыптастыруда белгілі рөл ойнайды деп үміттенеді