ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТІН ОДАН ӘРІ ЖЕТІЛДІРУДІҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ ТУРАЛЫ

Авторлар

  • Фуат Марсильұлы Рахмитов

Кілт сөздер:

заң қызметі, адвокаттық қызмет, адвокатура, тәуелсіздік, двокаттық қауымдастық

Аңдатпа

Осы мақалада адвокатураның қазіргі замаңғы мемлекет пен қоғамда үлкен рөлі атап көрсетілген. Мұндай тұжырым адвокатура мемлекеттің немесе сот төрелігінің мүдделерін қорғамайды, ол мемлекеттік емес жеке мүддені қорғайды, әрбір азаматқа өзіне Конституцияда берілген барлық құқықтарды пайдалану мүмкіндігін беру үшін барлық жағдайларды жасайды деген ереже негізінде шығарылды.

Сонымен қатар, автор адвокатура қызметінің кейбір проблемалы мәселелерін қарады, осы проблемаларды қарау авторға оларды шешудің анағұрлым тиімді жолдарын ұсынуға мүмкіндік берді. Адвокаттардың мемлекеттік құпияларды қамтитын материалдарға қолжетімділігін ресімдеудің ауыр рәсімі, олардың құқықтық қорғалуының жеткіліксіз деңгейі, адовкаттық қызметтің жауаптылығын сақтандырудың болмауы адвокаттардың тиімді жұмысына кедергі келтіретін факторлардың қатарына жатады.

Автор талдау нәтижелері бойынша республикада адвокаттық қызметті одан әрі жетілдіруге бағытталған мынадай:

– мемлекеттік құпияларды қамтитын материалдарға адвокаттардың қолжетімділігі рәсімін жеңілдету;

– ҚР Қылмыстық кодексінің «Адвокаттар мен өзге де адамдардың адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға заң көмегін көрсету жөніндегі заңды қызметіне кедергі жасау» атты 435-бабын жекеше айыптау істеріне жатқызу;

– елде кәсіптік мереке ретінде Адвокатура күнін белгілеу;

– адвокаттық қызметті сақтандыруды практикаға кезең-кезеңмен енгізу;

– қылмыстық, азаматтық және істердің өзге де санаттары бойынша адвокаттардың мамандандырылуын енгізу бойынша шаралардың жүйесін ұсынады.

Сонымен бірге, адвокаттар кадрларын даярлауға қойылатын талаптарды нақтылау және күшейту ұсынылады. Заң жоғары оқу орнында оқитын және өзінің болашағы үшін адвокат қызметін таңдаған адам осы қызметке алдын ала дайындалуы қажет.

                          

                                                           

##submission.downloads##

Жарияланды

30.06.2017

##submission.howToCite##

Рахмитов, . Ф. М. (2017). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТІН ОДАН ӘРІ ЖЕТІЛДІРУДІҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ ТУРАЛЫ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 2(47). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/410

Журналдың саны

Бөлім

Қылмыстық құқық және қылмыстық процесс